Әділбек Жақсыбеков Астана әкімі болып тағайындалды

Күні: 12:35, 22-10-2014.

Астана. 22 қазан. ҚазТАГ - Әділбек Жақсыбеков Астана әкімі болып тағайындалды.
«Мемлекет басшысы Астана қаласының активіне жаңа әкім Ә. Жақсыбековты таныстырды», - делінген Ақорданың Twitterдегі шағын блогындағы хабарда.
Ә. Жақсыбеков бұрындары Қазақстанның Ресейдегі елшісі; Қазақстан қорғаныс министрі қызметтерінде болды. 2014 жылғы сәуірден бері – ҚР мемлекеттік хатшысы.
Мұның алдындағы қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов 2008 жылдан бері Астана әкімі болған.


Жаңалықтармен бөлісу: