Әділбек Жақсыбеков зейнетке шықты, ал Бағдат Әмреев Ирандағы ҚР елшісі қызметінен кетті

Астана. 10 қыркүйек. ҚазТАГ – ҚР президенті әкімшілігін басқарған Әділбек Жақсыбеков зейнетке шықты, ал Бағдат Әмреев Ирандағы ҚР елшісі қызметінен кетті, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.  
«Мемлекет басшысының Жарлықтарымен Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметінен; Бағдат Құлтайұлы Әміреев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды», - делінген дүйсенбідегі Ақорда хабарында.  
Еске салсақ, ҚР президенті әкімшілігінің басшысы қызметіне Астананың экс-әкімі Әсет Исекешев тағайындалған еді.

adimage