Әділжан Хабиев: Тегін ірімшік тек қақпанда ғана болады, оның үстіне ол дағдарысқа қарсы стартап болса

Алматы. 15 маусым. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Ешқандай да қаржылық пирамидаға ұрынбай, желілік құрылымдарға, ұйымдасқан қылмыстық топқа кірмей-ақ, тіпті батапқы капиталсыз-ақ, айына ондаған, тіпті жүздеген мың доллар кіріс табуға болады. Бұл ретте қатардағы азаматтар да, компаниялар да, және меценаттардың көмегіне мұқтаждар да, тіпті мемлекет те пайда табар еді. Оны қалай іске асыруға болатыны туралы «Қоғамдастық жүйесі» атты отандық дағдарысқа қарсы стартап негізін қалаушы Әділжан Хабиев айтып берді. 

 - Бұл жүйеде адамдар, осы жүйеге тартқан басқа адамдар не таныстары қоғамдастық жүйесінің серіктестерінен тауарлар мен қызмет сатып алғаны үшін ақша табады ғой? 

 - Иә, дұрыс. Сіз жүйе серіктестерінен, сіз және сіздің таныстарыңыз олардың қызметтерін пайдаланғаны үшін алғыс бонус ретіндегі ақша аласыз. Бұл cash back. Біздің серіктес-компаниялардан тауарлар не қызметтің әр сатылымынан жүйеге қатысушы үшеу сомадан 1%-ын чек түрінде алады. Кім ақша алатыны, оған қатысушылар тіркелген кезде кімнің ID-ін көрсеткеніне байланысты. Егер сіздің жақындарыңыз сіздің ID мен тіркелсе, олар сол арқылы ақша ағымын сізге бұрғысы келетінін білдіргені. Бізде серіктестермен келсім бар: егер клиент келіп, ID атайтын болса, онда ол қоғамдастық жүйесінен келіп отыр деген сөз. 

 - Демек егер адам осы жүйеге басқаларды белсенді түрде тартатын болса, ол соншама көп ақша табады деген сөз ғой? 

 - Иә, әлеуетті түрде осындай. Басында қатысушыда неғұрлым адам көп болса (оның жақындары, ол өзі осы жүйеге шақырғандар), соғұрлым жақсы болады. Олар жүйеге тіркеле салысымен оны ол өзінің жеке кабинетінде көріп отырады. Екінші саты – енді оның таныстары шақырған адамдар. Ол адамдарды ол білмеуі де мүмкін, олар мыңдаған адам болуы мүмкін. Үшінші саты да сол сияқты. Үш деңгейден ақша қайтуын ескерсек, қатысушы осы үш деңгейдегі әр адамнан олар жаратқан соманың 1% түрінде қайтарым алады. Белсенді адамдар, мысалы, блогерлер сынды адамдар, әлеуметтік желіде белсенділік танытып, өзінің аудиториясын монетирлей (ақшаға айналдыру) алады. Егер адамда бірінші сатыдағы жазылушылар саны 100 мың болса, олардың, мейлі тіпті, 5 мыңын ол бірінші сатыда деп тіркесе, олардың әрқайсысы кейін өздерінің 10 жақындарын тіркесе... Ол екінші сатыда 50 мың адам деген сөз. Ал, одан кейін, олардың әрқайсында екі адамнан болса, ондай қатысушыда үшінші сатыда 100 мың адам болады және барлығы – 150 мың адам. Олардың әрқайсысы қауымдастық серіктестерінде айына өздерінің мұқтаждарына 100 доллар жарататын болсын. 100 долларды 150 мың адамға көбейтеміз – ол $15 млн. Олардан 1% осы қатысушыға кетеді – ол $150 мың. Бірақ біздің білуімізше орташа статистикалық жанұя айына 100 доллардан да көп жаратады. Ол ақшаны кез келген ығңғайлы жолмен шығаруға болады. Оның барлығына жеке кабинетте қол жетімді. 

 - Ал салық ше? 

 - Барлық кіретін ақша бізге серіктестерден келеді. Әрине, ҚҚС төленеді. Егер қатысушы өзінің қаражатын әкететін болса, біз ҚР заңнамасына сай 10% жеке кіріс салығын ұстап қаламыз. Адам өзінің ақшасын заңды түрде алады, қаражат оған барлық салықтарының төленген түрінде келеді. Мемлекетке де жақсы, қатысушыға да, бәріне де жақсы. 

 - Яғни бұл оңай олжа ғой? 

 - Шын мәнісінде бұл солғын кіріс. Бірақ оны алу үшін адамдармен сұхбаттасу керек. Барлық адам бірдей осыншама ұзын қауымдастық құра алмауы мүмкін, барлығы бірдей оған сенбеуі мүмкін. Баз біреулерде 10-20 адам болар, біреулерде ешкім де болмас, біреулерде жүздеген мың адам. Ол адамға байланысты. Ол адам өзі өмірде адал, сенім тудыра алатын адам болуы керек, сонда оған көптеген адамдар тіркеледі. 

 - Желілік маркетингі сияқты екен. Онда да саты сайын адам саны көп болса, кіріс те көбейе түседі. Ал сіздің жүйеңіздің одан айырмашылығы неде? 

 - Біз мүлдем басқа құрылымбыз. Желілік маркетингте сіз не бірнәрсені сатасыз, не сатып алуыңыз керек, яғни, сіз бір нәрсені таратасыз. Бізде сіз олардың ешқайсын жасамайсыз – сатып алмайсыз да, таратпайсыз да. Сайтта тіркелу тегін, қосымшаны Play market және App store-ден тегін көшіріп аласыз. Бұл ретте сіз өзіңіздің жақыныңызға қауымдастық желісіндегі серіктестерге компаньон болуға көмектесесіз, ал өзіңіз осы мекемелердің барлығынан белгілі пайызды алып отырасыз. Бұл біздің тағы бір айырмашылығымыз. 

 - Сіз, осы жүйеңізге бірінші болып желімен айналысатындар кіріп, өздерінің мазасыздығымен әлеуетті қатысушыларды үркітіп алады деп қорықпаймысыз? 

- Кез келген адам осы 1% қайтарымды желімен айналысатынға емес, өзінің апайына, бауырына, баласына, апасына бергенді қалайды. Жүйе бір сәтте барлығын өзінің орнына қояды. Бірақ желімен айналысатындар да өздерінің туыстары мен жақындарын тартуына болады. Біздің өніміміз де сондықтан «Қауымдастық жүйесі» деп аталады, себебі әр адамда өздерінің оған сенім артқан адамдар қауымдастығы болады. 

 - Қазақстанда халық саны онша көп емес. Алғашқы кірген адамдар көп адамдарды тарта алып, ал соңғылары тартатын адамдар да қалмауы мүмкін ғой. Сіздің де жүйеңіз пирамида секілді қирап қалмай ма? 

 - Егер классикалық пирамиданы қарастыратын болсақ, онда ақшаны өсімге деп әкеледі, яғни, адам белгілі бір соманы әкеліп, біраз уақыттан соң салған сомадан көп ақша алғысы келеді. Салым бойынша пайыздары өседі, бірақ ешқандай өндіріссз, жаңа салымшылардың есебінен. Бізде ешкім де ақша салмайды, біз ешкімнен де ақша алмаймыз, бәрі тегін. Халықтың санына келсек, алғашқы болып қосылғандардың барлығы бірдей үлкен желі құра алады. Баз біреулер 2-3 айдан соң қосылуы мүмкін, бірақ ол атақты, танымал болғаны себепті оған тіркелетіндер көп болуы мүмкін. Әрине, Қазақстан халқы онша көп емес, сондықтан да біз әлем нарығына шығамыз. Жалғыз көрші Қытайда ғана қауымдастық жүйесіне әлеуетті қатысушылар қаншама десеңізші! Бірақ біз желі тоқтап қалмауы үшін одан да ары кетеміз. Алдын ала айтайын дегенім, келешекте біз өзіміздің қатысушыларымызға, олардың мәртебесіне қарай, шетелдік желілерде ID беру мүмкіндігін береміз. Мысалы, қатысушы үшеуін Мәскеуде, екеуін Бейжіңде, біреуін Делиде, екеуін Мехикода және біреуін Токиода қаласын. Біз оларды оның ID-на тіркейміз. Одан ары желі өсе береді. Желі тоқтамайды. Жалғыз шектеу Жер халқының саны – 7,3 млрд адам. Біз сізбен сұхбаттасып отырғанда, тағы 2-3 қатысушы қосылды. 

- Яғни адам ештеңе жоғалтпайды, ал орын алуы мүмкін ең жаманы ол – оның ешқандай табыс таппайтыны болып шыға ма? 

- Ол кез келген жағдайда ештеңе жоғалтпайды. Бұл аздай, ол кез келген жағдайда өз жақындарына көмек көрсете алады. Ол бәрібір де ақшасын құртады емес пе, шаштаразға, мейрамханаға, дүкенге барады, бірақ енді оның жұмсалған ақшаның жартысын өз жақындарына беру мүмкіндігі бар. Біз қатысушылардан ақшаны ашық та, жабық та, ешқайда және ешқалай алмайтынымызды айқын және тура мәлімдейміз. Ақшалы ету (монетизация) бизнестен жүріп жатыр. Біз ақшаны аламыз және оны қатысушылар арасында бөлеміз. 

 - Робин Гуд те солай жасаған… 

 - Тұтас солай деуге келмейді. Не дегенмен бізге бірдеңе қалады. Бізге даму қажет, техникалық және шығармашылық жағынан жобаны сүйемелдеп, модульдерді қосу қажет. Сонымен қатар бәрі адал түрде – біз барлығымен бөлісеміз. 

 - Ал серіктес компанияларға сіздермен ынтымақ жарастырудан қандай пайда? Альтруизм сезімі кернегесін тағы бәрімен бөлісу қала ма? 

 - Бірінші кезекте, серіктес компаниялар үшін біз клиенттер ағымын қалыптастырамыз, біз тап соларға баратын мыңдаған және мыңдаған жұмсақ сатып алушыларды ұсынамыз. Сол үшін олар бізге ақша төлейді, тек факті бойынша, алдын ала төлеусіз, тек қатысушы келіп, өзінің ID атаған кезде ғана. Дәстүрлі түрде маркетингте бюджеттің 50%-ы еш жаққа кетеді, бірақ ешкім де мұның не 50% екенін білмейді. Осы тұста бизнес нақты жүз пайыздық нәтиже алады. Осы ретте серіктес компаниялар алдын ала төлеу жасамайды, олар бізге факті бойынша төлейді: адам келді, қызметті пайдаланды, шотты төледі және тек содан кейін барып қана компания бізге пайызды аударады. Бизнес үшін бұл тым жақсы шешім – сатылым бойынша менеджерлердің көпірме штатын асырап қажет емес, жарнамаға ақша жұмсап қажет емес. Ал сол шығындар, біздің бәріміз білетіндей, тауардың немесе қызметтің бағасына салынады. Біздің жүйемен жұмыс істеу кезінде тауардың немесе қызметтің өзіндік құны төмендейтін болады. Егер клиенттердің 99,9%-ы қауымдастықтар жүйесі арқылы өтетін болса, онда компанияның қайдағы біреумен емес, бізбен қызметтесетіні жақсы. Одан бөлек, серіктес үшін әртүрлі маркетингілік акциялар, флешмобтар, инсталляциялар, миниатюралар және т.б. ұйымдастыра аламыз. Әрі олар бизнестің шағын, орта немесе ірі екендігіне емес, тек компанияның қызмет түріне ғана байланысты. Қызметтің әр түріне біз нақты маркетингілік бағдарламаны таңдап аламыз. Бірақ ол үшін біз компаниямен бір жарым-екі ай жұмыс жасауға тиіспіз, біз өз талдауымызда пайдалана алатын статистика пайда болуы үшін. 

- Серіктестерге сіздер клиенттерді алып келесіздер, қатысушыларға ақша таратасыздар, ал өз қызметкерлеріңізге еңбекақыны неден төлемексіздер? 

- Жеңілдіктің стандартты сомасы біздер үшін – 10%. Сол 10%-дың біз 3%-ын қатысушыларға береміз, әрі қарай салық, қайырымдылық және біздің бөлік қалады, оны біз жобаны дамытуға қолданамыз. Біздегі маржа 10-15% шамасында. Бірақ айтқым келетіні, бұл cash back үшдеңгейлі жүйесі – тек айсбергтің шыңы ғана, бұл кішкентай модуль. Ілгеріде сіздер басқа заттарды көресіздер, тағы да инновациялық, мүлде жаңа, ондайлар әлі болған жоқ. Бізде ойластырып қойған нәрсе өте көп. 

 - Маған солай көрінді ме, әлде сіздер Forbes тізімінде көш бастауды нысана еттіңіздер ме? 

 - Өмір көрсетеді. Неге көрмеске? Ешкім де Forbes тізіміне қарсы болмайды деп ойлаймын. Бірақ қауымдастықтар жүйесінде қалатын ақша бұл – жобаны техникалық және шығармашылық жағынан сүйемелдеуге, оны әрі қарай ауқымдатуға арналған қаражат. Ақша біз үшін – аясы тар мақсат емес, ол біздің мақсаттарымыздың жүзеге асырылуына арналған қаражат. Біздің жоспарда үлкен әлеуметтік жобалар, өнеркәсіптік нысандарға байлау бар, бірақ мұның бәрі сәл кейінірек. 

 - Сіздер қауымдастықтар жүйесі идеясын қағып кетеді және сіздердің бәсекелестеріңіз пайда бола бастайды деп қорықпайсыздар ма? 

 - Біз одан қорықпаймыз. Түпнұсқа барда, тегін және әрқашан қолжетімді болса, көшірмеге қарап не керек? Көшірменің аты көшірме, бұл ақшаны пайдасыз жарату. Біз жеткен жерімізбен тоқтап қоймаймыз, және бәзбіреулер біздің қазіргімізді көшіріп алуға тырысып жатқанда, біз ендігі алға қарай алысқа жылжып кете барамыз. 

 - Айтпақшы, ілгерілеу жайында. Қазақстанның көп бөлігін қамтып, шет елдерге қандай мерзім ішінде шығуды жоспарлап отырсыздар? 

 - Жарты жыл ішінде біз Қазақстанның негізгі бөлігін қамтимыз және біздің қызметіміздің екінші жартыжылдығынан кейін шет елдерге шығамыз. Десек те қазірдің өзінде Мәскеуде, Бішкекте бізбен ынтымақтасқысы келетін әртүрлі компаниялар бар. Алайда бірінші кезекте біз өзіміздің ел үшін, содан кейін барып қана басқалар үшін жұмыс істейтін боламыз. Біздің Алматы және Астанада серіктестеріміз бар. Қарағанды қосылуда, Шымкентте компаниялар бар. Яғни ендігі қосылып жатқан өңірлер бар. 

 - Ал дегенмен, құйтыр қылық неде? 

 - Адамдарда тегін ірімшік тек тышқанның қақпанында бар деген стереотип бар. Бизнес-модельдердің барлық нұсқаларының арасында мұндай жалғыз екенін түсіну керек – бар жақсының селбесуі, онда қатысушылар үшін расында бәрі тегін. Болады ондай. Осы жолдауды біз серіктестерімізге, бизнеске жеткізгіміз келеді, олар бізге жүгінсін, біздің жүйемізде тіркелсін деп. Сөйтіп олар дағдарысты еңсеріп, одан жаңарған күйде шыға алады. 

 - Сұхбатыңыз үшін рақмет!

adimage