Димаш Нұр-Сұлтандағы отшашу туралы: жалғастыра беріңіздер, бір жылдан кейін оны тойлайтын адам да қалмайды

Астана. 7 шілде. ҚазТАГ – Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенов 6 шілдеде Нұр-Сұлтанда ұйымдастырылған отшашуды сынға алды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Отшашу ненің құрметіне??? Коронавируспен ауыру жөнінен бірінші орынға шыққанымыз үшін бе? Адамдар оттегісі бар баллон таба алмай жүргенде Астанада отшашу ұйымдастырылып жатыр! Осылай жалғастыра беріңіздер, келер жылы оны тойлайтын адам да қалмайды...» - деп жазды Құдайбергенов әлеуметтік желідегі парақшасында.
Еске салсақ, 6 шілдеде ұйымдастырылған отшашу қазақстандықтар арасында резонанс тудырды – ол коронавирус кезінде, COVID-19 бен пневмония дертінен адамдар өліп жатқан тұста ұйымдастырылды, көбі анықтаманың болмағанынан туыстарын жерлей алмай жатқандарын айтқан, оның үстіне Қазақстан президенті Қасым-ЖомартТоқаев та 6 шілдеде Қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтамаған. Журналистер Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгіновке сұрақтарын жаудырды, соның ішінде осындай кезеңде отшашудың не керегі бар еді, ол кімдерге арналған деген сұрақ та қойылды. Алайда әкімдік оған жауап ретінде Instagram-ға сілтеме жіберіп, «Астана күніне арналған отшашу жыл басында жоспарланған еді, демеушілер керек материалдарын сатып алып, өтетін орнын да белгілеп қойған. Бұл отшашу қалалықтардың көңіл-күйін көтеруге, коронавируспен күресте алғы шепте жүрген дәрігерлерді қолдауға арналған» деген жауаппен құтылған. Алайда БАҚ өкілдерін мұндай жауап қанағаттандырмады – журналистер барлық сұрақтарға жауап берулерін талап етуде.


adimage