Дмитрий Панкин: ЕАДБ 2016 жылы кредиттік портфельді 30% өсіреді

Астана. 1 наурыз. ҚазТАГ – Жанболат Мамышев. Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінде өткен девальвация шеруі ірі кәсіпорындардың төлем қабілеттілігіне қалай әсер етті? ЕАЭО компанияларына одаққа мүше көрші мемлекеттердің аумағында бизнес жүргізу және ұлттық валютадағы есеп қаншалықты қызық? Осы және басқа да сауалдарға Еуразиялық даму банкінің (ЕАДБ) басқарма төрағасы Дмитрий Панкин жауап берді.

- ЕАДБ-ның 2015 жылғы жұмыс қорытындысына Сіздің көңіліңіз тола ма?

- Былтыр аздап болса да күтілгеннен жақсы жұмыс атқарылды, бірақ бәрібір жылдың негізгі қаржылық нәтижесі минуста болды – шамамен $128 млн. Мен былтыр наурызда банкке келгенімде менің бастамаммен кредиттік портфельге аудит жүргізілген болатын. Резервті $200 млн-ға толтыру керектігі, яғни провизияның жалпы көлемін (нашар жобалар бойынша резервтер) 5 еседей артты. Жыл қорытындысындағы теріс нәтиже сонымен байланысты болды.
Әрине, инвестициялық портфельдің қысқаруы алаңдатпай қоймайды. Бірінші себеп бағам айырмашылығына байланысты: көптеген кредиттер теңге мен рубльде берілген. Рубль мен теңгемен берілген кредиттерді девальвация құнсыздандырды. Екінші себеп – менің банкке келген кезімде жаңа жобалар бойынша атқарылған жұмыстар жоқ болатын: олардың басым көпшілігі экономикалық тұрғыдан іске аспайтын болатын. Сондықтан жобалық жұмыстарды қайтадан құруға тура келді. Қазір бізде жаңа жобалық портфель дайын, онымен біз биыл жұмыс жасаймыз.
Мысалы, Қазақстан экономикасына ЕАДБ 2016 жыл соңына дейін $1 млрд инвестицияламақшы. Әңгіме металлургиялық, тау-кен өндіру, көлік инфрақұрылымы т.б. салалары туралы болып отыр.


- Несиелік портфель былтыр қалай өзгерді? Теңгемен кредиттер берілді ма?


- Несиелік портфель шамамен 35%-ға қысқарып, $1,8 млрд. болды. Бұрын ЕАДБ теңгелік облигацияларды орналастырған, оларды зейнетақы қоры сатып алатын, және банк жобаларды қаржыландыратын. 2015 жылы ол сұлба тоқтатылып, біздің теңгемен кредит алғысы келген әлеуметтік қарыз алушыларымыз қаржыландырусыз қалды.


- Жаңа команда банкте қайтарылуы қиын кредиттер бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр деп естідім. Қазақстанда кім негізгі төлемеуші болып отыр? Оларға қатысты не жоспарланып отыр?


- 2015 жылдың бірінші жартыжылдығында проблемалық толып жатқан кредиттер анықталды. Келешектегі жұмыс стратегиясын пысықтап жатырмыз, келіссөздер жүргізудеміз. Бұл жерде қандай да қамтамасыз етілу бар, оны қамауға алуға әрекеттенудеміз, өндіріп алмақшымыз және ол қамтамасыз етілгенді сату әрекетіндеміз. Егер жоба Екібастұз ГРЭС-2 сияқты өміршең болатын болса, қайта құрылымдауға келісіп жатырмыз.
«Ал «көк тиын да жоқ» «Иволга-Холдинг» сияқты оқиғада сотқа жүгінудеміз. ЕАДБ-де қазір «Иволга-Холдингті» банкрот деп тану үдерісін жалғастыруға барлық құқықтық негізі бар. Бірақ, ЕАДБ-ге $90 млн-нан астам қарыз болып қалған холдингке тиесілі нысандардың әлеуметтік маңыздылығын түсіне отырып, біз қисынды ымыраға баруға дайынбыз. Қазір ЕАДБ қолданыстағы заңнамаға сәйкес және Қазақстан агроөнеркәсіптік кешеннің даму мүддесінде холдинг кредиті бойынша талап ету құқығын үшінші тұлғаға беру туралы ұсыныстарды қарауға дайын.
2012 жылы «ЦВС-Ескене» вагон жөндеу кешенін салуға кредит берілді. Нәтижесінде кешен салынбады, негізгі қарыздың қалдығы $22 млн-нан асады және ол қарыз мүлдем қайтпайтынға ұқсайды. Бұл жерде де проблема бар екенін айтудың қажеті бар ма?
Біздің тағы бір борышкеріміз - «Меркур Дом Инвест» - ағаш өңдейтін кәсіпорын, тоқтап тұр. Оның мүлкін сатуға ашық қою туралы мәселені қарастырып жатырмыз.


- Неліктен ол кәсіпорындар қарыз болып қалды? Оларға девальвация осылайша әсер етті ма?


- Мен бәріне девальвация кінәлі демес едім. Мысалы «Иволга-Холдингте» компанияны мүлдем лағытып жіберген, оны ешқандай экономиканың нашарлығымен түсіндіре алмайсыз. Ал Ескенедегі Каспий теңізіндегі кеніштерге арқа сүйеген цистерналарды жөндеу зауытына мұнай бағасының арзандауы әсер етті, соның салдарынан – Каспийдегі мұнай бизнесінің көрсеткіштерінің құлдырауы да әсер етті. Сәйкесінше, нарықта цистерналарды жөндеуге деген қажеттілік болмай қалды.


- Клиенттердің басым көпшілігі займдары бойынша ағымдағы қарыздарын жаба алып жүр ма?



- Жалпы алғанда – иә. Бізде қарыздың негізгі сомасын да, пайыздарын да жауып отырған жобалар көп, бірақ бизнесі кіріс келтірмейтін проблемалық займдар да бар. Баланс бойынша барлығы әзірге жақсы болғанымен, біз өздеріміз үшін бұл кредиттер қауіпті зонада деп есептейміз.


- Егер бұрын банк клиенттерін сұрыптағанда менеджментте белгілі кемшіліктер орын алатын болса, осы тұрғыдан қазір не жасалуда?


- Біздің қазіргі негізгі міндетіміз – жобалық циклды жасау. Бұл жердегі проблема неде? Мен көптеген жобалар кездейсоқ, таныстық және жеке басына ұнағандық қағидасы бойынша пайда болды деп есептеймін. Қазір идея қандай? Орнықты сараптамалық платформаға негізделген жоабылқ циклді құру. Экономиканың қай саласында әлеуетті қызық тұстары бар, қай жерінде интеграциялық әсер болуы мүмкін, өнеркәсіптің қай саласы мен секторларында екенін бізге сараптамалық жұмыс көрсетті. Кейін осы секторларға клиенттермен жұмыс жасайтын біздің менеджерлер араласады.
Біз банктің барлық жұмысын бірнеше блоктарға қайта құрылымдадық: біріншісі – сараптамалық – әлеуетті қызық саланы іздестіру. Екінші блок – әлеуетті клиенттерге шыға алатын жобалардың фронт-офисі. Олардың міндеті – клиенттермен жұмысты бастау, кредит бойынша бірінші ұсыныстарды дайындау. Одан кейін келесі блок қосылады – құрылымдық. Оның құрамы кредиттік келісім шарттарын анықтау бойынша келіссөздер жүргізеді, кредиттік құжаттарды дайындайды. Одан соң тәуекелдерді басқару басқармасы араласады, олар көрінбейтін кедергілерді сараптайды. Осындай сұлба көпсатылы сүзгі түрінде жұмыс атқарады.


- Бұл сұлба қашан енгізіледі?


- Біз жобалар бойынша жұмыс жасап жатқан барлық қызметкерлерді екі блокқа бөлдік: фронт-офис және құрыдымдаушы деп. Сараптама басқармасы іске кірісті. Сарапшыларды іріктеу жүріп жатыр. Жылдың екінші жартысына конвейрді іске қосамыз, ал ол дайын өнімді беретін болады.


- ЕАДБ икемді пайыздық жүйеге өтті. Ол нені білдіреді?



- Жақында банк басқармасы икемді пайыздық мөлшерлемелерге өту туралы шешім қабылдады. Ол банк назарында тұрған инвестициялық жобалар бойынша ең тартымды және бәсекеге қабілетті пайыздық мөлшерлемелерді анықтауға мүмкіндік береді.
Бірінші кезекте ол экономиканы интеграциялауға және банкке қатысатын мемлекеттердің өнеркәсібінің кооперациясын тереңдетуге бағытталған жобалар, сондай-ақ ұлттық даму жобалары.


- Әзірге біздің елдердің кәсіпорындарының арасындағы кооперацияның мысалы онша көп емес. Ол сіздердің портфельде қаншалықты көрініс тапқан? Осы тұрғыдан қандай да оң тренд бар ма? Ондай кәсіпорындар көп пе?


- Қазір біздің міндетіміз – осындай интеграциялық жобаларды тауып және дамыту. Айталық, қазір Қазақстанда өнімдерін «АвтоВАЗбен» бірлесе құрастыру бойынша «Азия-Авто» жобасы бар. Танымал жоба, ол туралы көп жазады, және біз де оны дайындауға белсенді қатысудамыз. Бірақ әзірге бізде ақтық шешім жоқ. Неге? Автонарықтағы сату құлдырап бара жатқаны алаңдатуда. Қазір бар жобалар 100% толық жұмыс жасай алмай жатқанда қосымша қуаттарды жасаудың қисыны қайда? Жобаға мұрындық болып отырған Қазақстандағы аса ірі диллер, ол нарықты біледі – ол өте күшті «уәж». Талдап көреміз. Телекоммуникациялық саладағы «Алма ТВның» қызық жобаларын қарастырып жатырмыз.
Ол Ресейде толып жатқан телекоммуникациялық компаниялар қатарын сатып алмақшы (интернетке кең жолақты қосылу, телевидение) және бірыңғай холдингі құрмақшы. Бұл интеграциялық жобаларға жарқын мысалы. Бұл жерде қисын да бар: ол бірнеше ұсақ телекоммуникациялық компанияларды біріктірудің есебінен ол шығындарды үнемдейді. Оған қоса олар Қазақстан мен Ресей арасында оптикалық талшықты кабель тартпақшы және сол арқылы да шығындарды едәуір азайтпақшы.
Біз жәй ғана жеткізілімдерді қаржыландыратын бірнеше жобалар бар. Айталық ERG тобы ресейлік компаниялар үшін темір және алюминий кенішін жеткізеді. Қазір сауда жеткізілімдерін қаржыландыратын боламыз. Бәлкім даму банкі үшін оғаштау мысал болар, бірақ бұл жерде интеграциялық тұстары маңызды – қазақстандық кәсіпорындар ресейлік зауыттарға металлургиялық шикізатты жеткізеді.
Басқа мысал – Ақтөбелік рельс арқалық зауыты. Бұл жерде керісінше, Ресейден өте берік болат сатып алып олардан рельстер жасап, оларды кейін ҚТЖ мен РТЖ-дарға («Қазақстан темір жолы» мен «Ресей темір жолы» - ҚазТАГ) жеткізеді. Олардың Ресейден сатып алуларын қаржыландырмақшымыз.



- Қазір көп естілетіні «дағдарыс» деген сөз, оны кейбіреулер мүмкіндік деп ұғынады. Біздің елдердің кәсіпкерлері тарапынан тек Қазақстанда ғана емес, сонымен бірге Ресейде және ЕАЭО-ның басқа да елдерінде жұмыс істеп, тәуекелге барғысы келетіндер бар ма?


- Меніңше саналы тәуекелге барғысы бар. Яғни кәсіпорындар 1998, 2008-шы жылдардан өтті және қазір біз өндірісті жүргізіп жібереміз және бәрі тамаша болады деген романтика аз. Адамдар тәуекелін есептей бастады. Әсіресе міндеттері валютада, ал кірісі басқа валютадағылар тәуекелін қатты есептеуде. Әр түрлі стресс-сценарийлер қарастыруда. Ол дұрыс та.
Бірақ өмір жалғасуда және тек үреймен жасауға болмайды. Мен қазір де бизнесті дамытуға мүмкіндіктер бар деп есептеймін. Иә, мұнай бұрынғыдай барреліне $100 емес, $30, сәйкесінше, экономикадағы сұраныстың барлық көлемі түсті, бірақ үлкен девальвациялар өтіп кетті. Ол дегеніңіз нені білдіреді? Жергілікті шығындар қысқарды деген сөз. Яғни қазір осында, ЕАЭО елдерінде өндіру тиімді. Өндіріс бәсекеге қабілеттілеу болып келеді.


- ЕАЭО елдерінде девальвацияның әр түрлі деңгейіне қол жеткізілді. Баз біреулер еңбек пен электр энергиясының доллармен есептелуінен көршілеріне қарағанда көбірек артықшылыққа ие болды... Біреулер ұсынып жүргендей, бірыңғай валютаны пайдаланған оңай емес пе, немесе кәсіпкерлер іргелес аумақтарда жұмыс жасағанда өздерінің валюталық тәуекелдерін сақтандыруы керек пе?


- Екі жол бар. Егер валюта бір болса, ол дегеніңіз біртұтас макроэкономика мен бюджет саясаты деген сөз, яғни ол шын мәнісінде бір мемлекет болуы керек. Сол кезде осы бірыңғай валюта жұмыс жасайды. Егер макроэкономикалық саясат әртүрлі болатын болса, онда қазір бір валютаны енгізу қателік болар еді.
Осы алшақтықтардың барлығын 2015 жылдың басындағы жағдай көрнгекті көрсетіп берді. Ол кезде рубль девальвациясынан кейін Қазақстаннан барлығы Ресейге тауар алуға кетті. Ресей рубль бағамын қолдамайтынын, алтынвалюталық резервтерін жаратпайтынын мәлім етті, рубль еркін жүзе берсін деді. Рубль құлдырап арзандады, ал Қазақстан алтынвалюталық резервін жаратып, теңге бағамын ұстап тұрды. Осындай мемлекетаралық қатынас жағдайда валютаның тұрақты бағамын ұстап тұру мүмкін емес болып шықты.
Қазір Беларусь те одан кетті, енді онда да бағам еркін. ЕАДБ интеграциялық зерттеулер орталығы беларуссиялық рублінің, ресейлік рубльдің және қазақстандық теңгенің бағам жарыстары осы тербелістер нәтижесінде аздап теңгерілді. Валюталық нарықтағы еркін баға қалыптасу жағдайында және Орталық банктің араласуы жоқ кезде қорқынышты ешнәрсе жоқ, яғни нарық өз-өзін теңгерімге әкеледі.



- Қазақстанда сыртқы сауда дәстүрлі түрде доллар мен еурода жасалатын, бірақ қазір Қытаймен сауданы юаньмен, Ресеймен рубльмен, яғни сауда серіктестерінің валютасымен жүргізу әрекеттері жасалуда. Ол сіздің клиенттердің арасында қаншалықты дамыған?

- Біз Еуразиялық экономикалық одақтастық аясында тауар айналымына талдама жүргіздік – компаниялар арасындағы барлық есептесулердің 70% рубльмен, 20% - доллармен жүргізіледі. Біз ұлттық валюталар мемлекетаралық есептесулерде белсенді түрде қолданылады деп есептейміз, ал доллар бағамының тербелісі ұлттық валютадағы есептесулердің нығаюына септігін тигізе береді.


- Жалпы тауар айналымында теңге үлесі қандай?


- Шамамен 2-3%.

- Сіз Алматының үлкен айналмалы автожолына (АҮААЖ) қызығушылық таныттыңыз. Ол қызығушылық сақталды ма?


- Иә. Біз қарастырып отырған инвестиция көлемі – $100 млн. Бұл жерде даму банктерінің қатары тұр: ЕАДБ-ден басқа Еуропалық қайта құру және даму банкі мен Дүниежүзілік банк бар. Ол даму банктері үшін әдеттегі инфрақұрылымдық жоба. Нақты экономикалық түсінік бар: трафик үлкен, елеулі әлеуметтік және экологиялық әсері бар. Бұл жерде сауатты түрде тарифтерді есептеу керек және мәскеуліктердің «қателігіне» ұрынбау керек: Мәскеуде жақында Мәскеуден Шереметьевоға дейін ақылы жол салды. Бірақ оған тарифті өте көтеріп бекіткені сонша, көліктер бұрынғы жолмен жүріп жатыр, ал жаңа ақылы жол бос тұр.


- Бізде ол мәселе оңай – алғашқы ақылы автобан Астана- Щучинскінің баламасы жоқ, бірақ тариф те жоғары емес – 1 км-ге 1 теңгеден, немесе 1 км үшін ресейлік 20 копеек...


- Қисынды жасаған.


- Қытай Жібек жолының экономикалық белдеуін іске асырып жатыр және қытайлық инвесторлар Қазақстанда іске асырмақшы бірқатар жобалар бар. Оларға ЕАДБ қатыса ма?


- Ол жобалар бізге де қызық. Әңгіме жолдарды бірнеше учаскелерге бөлу туралы болып отыр, және олардың бірі Қазақстан шекарасы мен Орынборға дейін барады.


- 2016 жылы Қазақстандағы инфляция деңгейі мен ЖІӨ өсуіне қатысты ЕАДБ болжамы қандай? 2015 жылы инфляция деңгейі 13,6% болды, 2016 жылы 6-8% дәлізіне қайта оралу қолдан келер ме екен?


- Біз биыл Қазақстанда инфляция орташа алғанда жылына 12,5% (бірінші жарты жылдықта 15-16%-ға дейін секіруі мүмкін), және ЖІӨ өсу қарқыны 0,5-0,7% болады деп отырмыз. Турасын айтқанда, бұл Ресейге қарағанда жаман көрсеткіш емес. Ресейде 2015 жылы минус 3,7% және биыл ноль шамасында - минус 1,5%.


- ЕАДБ-ның 2016 жылғы жоспары қандай?


- Мен бізде кіріс табу деңгейіне шығуға барлық негіз бар деп есептеймін. Біз барлық провизияны жасадық, барлық проблемалық жобалар бізге қазір түсінікті. Банк ай сайын кіріс тауып отыр. Ағымдағы және баланстағы кредиттік портфельді кредит бойынша 30%-ға көтеруді жоспарлап отырмыз. Мен ол байыппен айтылған жоспарлар деп есептеп отырмын. 40 шақты жоба ЕАДБ-де әр түрлі деңгейде қарастырылып жатыр. Оларды іске асыруға бізде қаражат бар:қазыналық портфельде жатқан өз қаражатымыз, оған қоса біз халықаралық нарықтан қаражат оңай ала аламыз. Портфельді сауатты түрде өсірудің мүмкіндігі бар.
Даму банктерінде жеке қаражаттарының және кредиттік портфельге қатынасы бірдің екіге, бірдің үшке болып отыр. Бізде жеке қаражатымыз $1,5 млрд, сондықтан біз оп-оңай $3 млрд кредиттік портфельді көздей аламыз. Бізде осындай өсім болады деп алдағы 2-3 жылда күтуге нақты негіз бар.


- Яғни алдағы жылдары қосымша капиталдандыру қажет емес қой?



- Жоқ деп ойлаймын. Оған тараптардың ресурстары да жоқ. Ұлттық әл-ауқат қорында қуатты мол болғ,анда қосымша капиталдандыру мүмкін еді. Қазақстан мен Ресейде біз осы қаражаттарды қайда инвестицияласақ деп қарастырдық. Ал қазір, өкінішке қарай, жағдай басқаша.


- Сіз сырттан қарыз алуды еске салдыңыз. Принципті түрде оны тартуға деген қалауыңыз бар ма?


- Біз дәстүрлі түрде келесідей үлгімен жұмыс жасаймыз – бізде еуробондтар доллармен орналастырылған, рубльдік облигациялар бар. Біз осы қаражаттарды инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін пайдаланамыз. Қазір бізде өзіміздің қаражатымыз артық, яғни алдағы жылдары халықаралық нарықтан қаражат алудың керегі жоқ. Егер біз баланстық портфельді 30% өсірсек, онда 2017 жылы сыртқы нарыққа шығу мәселесі туындайды.


- Сіз теңгедегі облигация туралы айттыңыз. ЕАДБ-ға теңгемен қарыз алу қызық па?



- Иә, әрине. Бізде теңгедегі әлеуетті жобалар өте көп. Қазақстан темір жолдары бірнеше жоба ұсынып отыр, бірнеше облысты газдандыру жобалары бар. Сондықтан бізге осы жобалар үшін теңгемен қаржыландыруды алу маңызды.
Сәуір айында бізде Ұлттық банкпен келісімге отыру жоспарлануда. Бірақ ол РЕПО, СВОП мәмілелерін қаржыландыру болып табылады. Олар бір жылдық қысқа болады және проблеманы шешпейді, сондықтан бұл жерде бізге зейнетақылық қор ресурстарына қол жетімділік және «ұзындау» облигацияларды орналастыру мүмкіндігі маңызды.



- Ұлттық банк тарапынан қызығушылық бар ма?


- «Ұзын» ақшалар бойынша әзірге шешім жоқ. Қазір зейнетақылық ақшаларды пайдалану бойынша жоспарларды ғана жариялады. Онда бір бөлігі бюджетті қаржыландыруға, бір бөлігі – алтынвалюталық резервтерді сатып алуға және шамамен 600 млрд теңге облигация сатып алу және экономиканы қаржыландыруға жұмсау жоспарлануда.



- Яғни сіздер осы қаражаттың бір бөлігін тартпақшымысыздар?


- Иә. Сәйкесінше, мүлдем мөлдір болып, қандай жобаларға теңгелерді жаратып жатқанымызды жария етіп отыруға дайынбыз.


- Сұхбатыңыз үшін рақмет!

adimage