Алматы. 1 сәуір. ҚезТАГ – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Талғат Донақовты қабылдады, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметінен.
«Мемлекет басшысына Жоғары Сот Кеңесі жұмысының нәтижелері, соның ішінде судьяларды іріктеу жүйесін жаңғырту жөніндегі шаралар туралы баяндалды», - делінген хабарда.
Соңында Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар нақты тапсырма берді.
Донақов Тоқаевқа жоғары сот кеңесі жұмысының нәтижелері және судьяларды іріктеу жүйесін жаңғырту жөніндегі шаралар туралы баяндады
