Досаев Токаевқа валюта-қаржы нарығындағы ағымдағы жағдай туралы мәлімдеді

Күні: 18:28, 28-03-2019.

Астана. 28 наурыз. ҚазТАГ – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
«Мемлекет басшысына валюта-қаржы нарығындағы қазіргі ахуал мен еліміздің қаржы секторын несиелеу және сауықтыру үшін жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде баяндалды. Сонымен қатар, Ұлттық банк төрағасы Қазақстан Президентіне ұлттық валютаның өзгеруіне әсер етуші факторлар туралы мәлімет берді», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Ақпарға сәйкес, Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк тарапынан бұл салаға тиісті бақылау жүргізудің қажеттігін айтты.
Кездесу соңында мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.


Жаңалықтармен бөлісу: