«Достық керуені» ынтымақтастықты жаңғырту үшін Семейден ШҚО-ның ауылдарына аттанды

Күні: 10:48, 06-11-2014.

Семей. 6 қараша. ҚазТАГ – «Достық керуені» ынтымақтастықты жаңғырту үшін Семейден ШҚО-ның ауылдарына аттанды, делегация бірінші Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының Шар қаласында болады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
«Бұл біздің бірінші сапарымыз. Біз ауылдық аймақтармен ынтымақтастығымызды жақсартып, дұрысын айтқанда қайта жаңғыртқымыз келеді. Бұрнағы жылдары біз осындай сапарларды Семей қаласының құрамына кіретін Абралы ауданына жасайтынбыз. «Достық керуендері» ендігі Семейден облыс өңірлеріне ылғи аттанып тұрады ғой деп ойлаймыз», - деді қала әкімінің орынбасары Зәуреш Исабаева бейсенбіде.
Сапар бағдарламасына спорттық кездесулер, тар шеңберлі мамандықтар бойынша дәрігерлердің кеңестемелік қабылдауы, ұстаздарға білім беру жүйесіндегі ақпараттық технологиялар бойынша шеберлік сыныптары, ауыл жәрмеңкесін өткізу және халықтық тұтыну тауарларын сату. Семейліктер сапарға тұтас бір күнін арнайды, соңында қаланың шығармашылық ұжымдары әзірлеген «Шекарасыз достық» концерті өтеді.


Жаңалықтармен бөлісу: