Дулат Ағеділді ақтық сапарға шығаруға 1 мыңдай адам жиналды

Күні: 16:50, 27-02-2020.

Астана. 27 ақпан. ҚазТАГ – Махамбет Әбжан. Саяси белсенді Дулат Ағеділді ақтық сапарға шығарып салуға 1 мыңдай адам жиналды.
Ақтық сапарға шығару рәсімі Ақмола облысы Целиноград ауданы Талапкер ауылында өтті. Саяси белсендіні шығарып салуға әр өңірден жақтастары жиналды, кейін садақасы болды.
Еске салсақ, саяси белсенді Дулат Ағеділ Нұр-Сұлтанда 25 ақпанда тергеу изоляторында қайтыс болды. Полиция ол мас болған-мыс және жүректен кетті деп санайды – ал бұл нұсқаны белсендінің жақтастары мен достары оның ешқашан ішімдік ішпейтінін және денсаулығында кінәраттың болмағанын айтып теріске шығаруда. Сондай-ақ, олар құқыққорғаушылардың айтқандарына қарамастан, Ағеділ оларға барудан бас тартқан жоқ, керісінше 25 ақпанда полицияға баруды жоспарлап отырған еді деді.
Қазақстандағы адам құқығы жөніндегі өкілетті Эльвира Азимова жағдайға түсінік бере келе, Ағеділдің мас болғаны, болмағаны маңызды емес, маңыздысы оны ұстау барысында бұзушылықтың болған, болмағаны деп санайды.
26 ақпанда жеке сот сарапшылары Ағеділдің өлімі туралы бастапқы нұсқаны растады.


Жаңалықтармен бөлісу: