Душанбедегі халықаралық «Дидор» кинофестивалінде «парсы киносы» жаңа атауы қолданысқа енгізілетін болды

Күні: 15:29, 14-10-2014.

Алматы. 14 қазан. ҚазТАГ – Душанбеде бейсенбі күні халықаралық «Дидор» кинофестивалі басталады және онда «парсы киносы» жаңа атауы қолданысқа енгізілмекші, деп хабарлады Тәжік телеграф агенттігінен (ТәжікТА).  
«Биыл көрермендерге жаңа номинация – «парсы киносы» ұсынылады. Ол атауда Тәжікстан, Иран және Ауғанстан киноматографистері түсірген 12 фильм көрсетіледі», - делінген сейсенбі күнгі хабарда.
Хабарда айтылғандай, кинофестиваль тәжіктердің толықметражды «Камиль» деректі фильмін көрсетуден басталады. Ол фильмнің авторы, режиссері әрі продюссері Сафарбек Солиев.
Одан басқа, фестиваль жұмысында Қазақстан, Өзбекстан, Грузия, Әзербайжан, Ресей, Тәжікстан, Армения, Иран мен Ауғанстан киноматографистері қатысатын болды.
Бұл Душанбеде өтіп отырған 6-шы халықаралық «Дидор» кинофестивалі. Фестиваль 16 қазанда басталып, 20-шы  қазанда аяқталады.


Жаңалықтармен бөлісу: