Джулиан Ассандж ауруы салдарынан АҚШ-қа экстрадициялануы туралы тыңдалымға қатыса алмады

Алматы. 30 мамыр. ҚазТАГ – WikiLeaks негізін қалаушы Джулиан Ассандж өте науқас, ол АҚШ-қа экстрадициялануы туралы тыңдалымға бейнебайланыс арқылы қатыса алмады, деп хабарлады Reuters.
«Британия түрмесінен бейнебайланыс арқылы Америка Құрама Штаттарына экстрадициялау туралы тыңдалымға қатыса алмайды, себебі WikiLeaks негізін қалаушы Джулиан Ассандж өте науқас», - делінген Ассанждың қорғаушысы Гарет Пирске сілтеме жасалған хабарда.
Бұл ретте атап өтілгендей, WikiLeaks ақпары бойынша Ассандж өзі жатқан түрменің медициналық бөліміне ауыстырылған.
«WikiLeaks Ассанжджың денсаулығына қатысты алаңдаушылық тудырған, оның Бельмарш британдық түрмесінің медициналық бөліміне ауыстырылғанын хабарлаған. Оның денсаулығы төмендеп кетті, ол өте арықтап кеткен, деп хабарлады WikiLeaks», - делінген мақалада
Еске салсақ, Ассанджды экстрадициялау туралы өтініш жасалған еді, оны 11 сәуірде Лондонда эквадорлық елшіліктен шығарып жіберген болатын. Оған жалпы көлемде АҚШ-та 18 қылмыстық айып тағылған, ол бойынша бірнеше ондаған жылға түрмеге қамау қаупі төніп тұр.
Экстрадиция бойынша келесі тыңдалым 12 маусымға белгіленген.

adimage