Алматы. 29 тамыз. ҚазТАГ – Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов Жакарта аураханасына жедел-жәрдем көлігімен жеткізілді, деп хабарлады Olympic.kz.
«Жаңа ғана Елдосты жедел жәрдем ауруханаға алып кетті. Рентгеннен өткізеді. Екінші белдесу кезінде жарақат алған. Оң жақ қабырғасы сынды деген болжам бар», - дейді дзюдодан Қазақстан командасының дәрігері Наталья Кудашева.
Еске салсақ, Е.Сметов Азиада-2018 ойындарында екінші белдесуді толыққанды жалғастыра алмады, осылайша 1/4 финалда ұтылды. Сондай-ақ, ол үшінші орын үшін таласуға болатын раундқа да шыққан жоқ.
.
Дзюдошы Елдос Сметовты Азиада-2018 ойындарынан қабырға жарақатымен Жакарта ауруханасына алып кетті
