Еңбегі сіңген ұшқыш Пархатовтың есімі Азаматтық авиация академиясының ұшағына берілді

Астана. 6 тамыз. ҚазТАГ – Азаматтық авиация академиясының ұшағына еңбегі сіңген ұшқыш Якуп Пархатовтың есімі берілді, деп хабарлады ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің азаматтық авиация комитетінен.
«Қазақстан азаматтық авиация ардагерлерінің бастамасымен ААА ұшақтарының біріне КСРО еңбегі сіңген ұшқышы Пархатов Якуп Ангаровичтің есімі берілді, ол еліміздегі азаматтық авиация саласының дамуына, жоғары білікті кадрлар мен ұшқыштарды дайындау мен оқытуға үлкен үлес қосқан», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.
Ведомствода еске салғандай, бұған дейін Азаматтық авиация академиясының әуе кемелеріне бірінші ұшқыш-қазақ Жолдасбек Нұрымовтың, Салык Ахметовтың, Хамит Қалиевтің, КСРО еңбегі сіңген ұшқыштары Сағынғали Нұрғалиев пен Владислав Марышевтің, «Құрметті авиатор» Наиля Сейфуллина мен екі мәрте Кеңес Одағының батыры Талгат Бигелдиновтың есімдері берілген болатын.
«Сала ардагерлері құрметті авиаторларымыздың есімін оқу ұшақтарына беру өскелең ұрпаққа патриоттық және кәсіби тәрбие беруде маңызы зор деген сенімде», - делінген хабарда.

adimage