Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазақстандық жастарды статусы бойынша жіктемек

Астана. 18 қыркүйек. ҚазТАГ – Алтынай Күмісбек. Атаулы көмек шарасын енгізу үшін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазақстандық жастарды әлеуметтік статусы, тұрғылықты жері және басқа параметрлері бойынша жіктейді, деп мәлімдеді ҚР ЕХӘҚМ басшысы Мәдина Әбілқасымова.  
«Қоғамдық даму министрлігімен бірге жастарды білім деңгейі, әлеуметтік статусы, жұмыс тәжірибесі, кіріс деңгейі және тұрғылықты жері қала-ауыл бойынша жіктеу жұмыстары жүргізілді», - деді  М. Әбілқасымова сейсенбіде ҚР үкіметінің отырысында.  
Оның айтуынша, мақсатты қолдау көрсету үшін 7 санат бөлінген, оларға білім алуға, жұмысқа орналастыруға және материалды көмек көрсетуге көмектесу керек.  
«2018 жылдың ІІ тоқсанының қорытындысы бойынша жұмыспен қамтылған жастардың жалпы саны – 2,1 млн адам.  Жұмыспен қамтылған жастардың арасында 1,5 млн адам-жалдамалылар, 456 мыңы – өз бетімен жұмыспен қамтылғандар», - деді министр.
Сондай-ақ, министрлік ақпарынша, жыл сайын еңбек нарығына 120 мыңнан астам мектеп түлегі шығады, оның ішінде колледжге түскендері   – 18%, ЖОО-ға түскендер – 60%, біліктілігі жоқтар – 19%, және тағы 4 % -ы «басқалар» санатына жатқызылған, яғни олар елден кеткендер немесе әскерге шақырылғандар.
Білім деңгейі бойынша жас толқынның 36%-ы жоғары білімді,  39% – ы арнайы орта білімі барлар,  негізгі бастауыш білім барлар - 25%.

adimage