Астана. 22 қаңтар. ҚазТАГ – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ақтөбе облысындағы кеніштегі төрт жұмысшының қазасын тексеруді аяқтады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.
«Ақтөбе облысының Хромтау ауданындағы «Весенне – Аралчинский» жерасты кенішіндегі топтық жазатайым оқиғаның мән-жайын тергеп-тексеру үшін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі құрған комиссия 4 жұмысшының қаза болуының негізгі себептерін анықтады», - делінген жұмада таратылған хабарда.
Жазатайым оқиға 2020 жылғы 30 желтоқсанда кешке жарылыс жұмыстарын орындау кезінде орын алған. «Ақтөбе Мыс компаниясы» ЖШС қызметкерлері: тау-кен шебері Асхат Қайқанов, жарушылар Рустам Шәметов пен Денис Черный, жерасты өздігінен жүретін машиналардың машинисі Берік Жақыпов оқиға құрбандары болды..
«Еңбекмині топтық жазатайым оқиғаның мән-жайлары мен себептерін тергеп-тексеру үшін Ақтөбе облысы бойынша бас мемлекеттік еңбек инспекторы Саламат Аманбаевтың төрағалығымен арнайы комиссия құрды.
Осы жазатайым оқиғаға әкеп соққан мән-жайларды жан-жақты және объективті зерделеп, куәгерлерден сұрау барысында жиналған барлық дәлелдемелер базасын ескере отырып және жұмыс берушінің техникалық құжаттамасы мен материалдарын зерделеу нәтижелері бойынша комиссия осы жазатайым оқиға өндіріспен байланысты деген қорытындыға келді», - деп хабарлады ведомстводан.
Еңбекмині нақтылағандай, «арнайы тергеп-тексеру материалдары процестік шешімдер қабылдау үшін Ақтөбе қаласының құқық қорғау органдарына берілді».
Қатысты сілтемелер
-
Қазақстанда жыл сайын мас жүргізушілердің кесірінен 700 адам қаза табады17 Сәуiр 2024, 15:18
-
Шымкентте алаяқтық жасағаны үшін нотариус төрт жылға сотталды17 Сәуiр 2024, 14:57