ЕАЭО-да мұнайға кедендік декларация беру ережесі 1 шілдеден бастап өзгереді

Алматы. 19 маусым. ҚазТАГ – ЕАЭО-да мұнайға кедендік декларация беру ережесі 1 шілдеден бастап өзгереді, деп хабарлады Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) баспасөз қызметінен.
«ЕЭК алқасы «Тасымалдауға және (немесе) падалануға дайындалған мұнайдың қауіпсіздігі туралы» ЕАЭО техникалық регламент талаптарына сәйкестігін бағалау құжаттары мен кедендік декларация ұсынылуы тиіс өнімдір тізімін бекітті. Тізімге ЕАЭО Сыртқы экономикалық қызметтің кедендік номенклатурасы (СЭҚКН) 2709 00 900 9 коды бар мұнай енгізілген. (…) Техрегламент ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді», - делінген хабарда.
Техрегламентке сәйкес мұнай сәйкестігін бағалау оны ЕАЭО нарығына айналымға шығару алдында жүзеге асырылады және құжатты рәсімдеу арқылы сынақ формасында жасалады.
«Кедендік декларация ұсынар кезде мұнайды импорттаушы оны тізімде қарастырылғандай кедендік органға ұсынуы керек», - деп түсіндірді ЕЭК.

adimage