Астана. 14 қараша. ҚазТАГ – Жанболат Мамышев. Еуразиялық экономикалық одақта (ЕАЭО) өзіміздің үздік екенімізді дәлелдеуде Қазақстанға «жан алысып, жан берісуге» тура келеді, деп санайды ҚР ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев.
«Расында, жаңа нарықтардың ашылу аясында Еуразиялық экономикалық одаққа қатысты сын өте көп, себебі онда шынымен жан балысып, жан берісуге тура келеді. Өзіміздің үздік екенімізді дәлелдеуге тура келеді, және біз ол тауашаларға орныға аламыз», - деді Е. Досаев жұма күні «Сарапшы-200-Қазақстан» ұлттық бизнестің VI жыл сайынғы экономикалық форумында.
Өз кезегінде, оның айтуынша, мемлекет сыртқы нарықтарға шығу кезінде бәсекеге қабілетті компанияларды қолдауға дайын.
«Мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтқан кезде, біз оған баруға дайынбыз және қолдауға әзірміз, бірақ талпынатын әрі іс жүзінде іс тындыра алатын бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды ғана», - деп түйіндеді министр.
Қатысты сілтемелер
-
Тоқаев Ақтөбе облысының әкіміне экология мәселесін тез арада шешуді тапсырды6 Желтоқсан 2023, 18:41
-
Қазақстанда алдағы үш тәулікте ауа температурасының күрт төмендеуі күтіледі6 Желтоқсан 2023, 13:49
-
Семейде 60-тан астам пойыз жұмысшысын бопсалады деп айыпталған «Блогер» ұсталды6 Желтоқсан 2023, 11:40
-
Тоқаев Финляндия Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады6 Желтоқсан 2023, 11:23