ЕАЭО елдері арасында импорттық баж салықтарын бөлудің жаңа нормативі бекітілді

Күні: 12:26, 02-10-2019.

Алматы. 2 қазан. ҚазТАГ – Еуразиялық экономкиалық одақ (ЕАЭО) елдері арасында импорттық баж салығын бөлудің жаңа нормативі бекітілді, деп хабарлады ТАСС.
«ЕАЭО басшылары Ереванда 1 қазанда өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысының қорытындысы бойынша одақ елдері арасында импорттық баж салығын бөлудің жаңа нормативін бекітті», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, бұған дейін Кремль баспасөз қызметі Еревандағы ЕАЭО отырыс қорытындысы бойынша қабылданған құжаттар тізімін жариялады. Олардың арасында «ЖЕЭО 2014 жылғы 10 қазандағы №79 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі де бар, ол аталмыш салықтың бөліну тәртібіне қатысты.
«2019 жылдың наурызында Белоруссия премьер-министрінің орынбасары Игорь Петришенко одақ қатысушылары арасындағы кіргізілетін кедендік баж салығының бөлінуін елінің дұрыс емес деп санайтынын жеткізді. Осы күнге дейін нормативтер келесідей болып бөлінген еді: Армения үшін – 1,22%, Белоруссия үшін – 4,56%, Қазақстан үшін – 7,05%, Қырғызстан үшін – 1,9%, Ресей үшін – 85,26%», - делінген хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: