ЕАЭО елдері сегіз цифрлық жобаны жүзеге асыруда, тағы 20-сы дайындалуда

Күні: 19:22, 01-02-2019.

Алматы. 1 ақпан. ҚазТАГ – Валентина Владимирская. Еуразиялық экономикалық одақ елдері (ЕАЭО) бірге сегіз цифрлық жобаны жүзеге асыруда, тағы 20-сы дайындалуда, деп мәлімдеді РФ экономикалық даму министрінің орынбасары Сергей Горьков.
«Бүгінгі цифрлық күн тәртібіндегі сегіз жобаны ЕАЭО елдері жүзеге асыруда, тағы 20 –сы «драфтта тұр». Бұл – одақ елдері заңнамасының сәйкестендірілуін бақылаушылық жобасы, жаңалықтар, ақпарат, білім контентімен, шағын және орта бизнес ортасына байланысты жобалар», - деді С.Горьков журналистерге жұма күні Алматыда өткен Еуразияның инновациялық экожүйесіне арналған «Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі 2.0.» форумының кулуарында.
Қазақстандағы Сбербанктің «еншілес» басқармасының төрағасы Александр Камалов РФ үкіметінен сыртқы экономикалық қызмет және инновациялық даму кураторы С.Горьковтың сөзін толықтырды, оның айтуынша, жаңа технологиялар біздің қызметтерге, тауарларға деген көзқарасымызды, уақытқа деген қатынасымызды өзгертеді. Бір жағынан смартфондардың пайда болуы, негізінен, ақпараттың, музыканың жаңа нарығын тудырды.
Оның айтуынша, цифрландыру аясында қазақстандық Сбербанк мобильді қосымша, смартфон және интернет базасында цифрлық өнімдер мен каналдарды қалыптастыру бағыты бойынша жұмыс жасайды. Сонымен қатар, банк барынша қатесіз шешімдер қабылдап, көп ақпаратты талдауға мүмкіндік беретін жасанды интеллектіні инвестициялайды.
Қазақстандық және шетелдік стартаптар банк үшін мердігер және әріптес ретінде қатысады, деп атап өтті банк басшысы. Олар, мысалы, банктік процестердің, қосымшалардың, бизнес-талдаушылардың жекелеген бөліктерін роботтаумен айналысады.
«Егер, мәселен мобильді қосымша әзірленсе, онда ол барлық Сбербанк тобына арналады, алайда Қазақстанда бұл қосымша жергілікті клиенттер үшін сипатталады. Қазір заңды тұлғалар үшін жаңа платформа және жаңа өнімдер мен қызметтер әзірленуде, оны банк цифрлық каналдар арқылы ұсынатын болады», - деп түйіндеді сөзін А. Камалов.


Жаңалықтармен бөлісу: