ЕАЭО кеңістігіндегі бизнесті жүргізуге арналған кедергілер «Атамекен» ҰКП алаңында қарастырылатын болады

Күні: 16:27, 28-01-2019.

Алматы. 28 қаңтар. ҚазТАГ – «Евразия экономикалық одағы ішкі нарығындағы бизнес аясында кездесетін келеңсіздіктерді жылдам шешу мақсатында «Атамекен» ҚР ҰКП ішінен Келісім комиссиясы құрылды, деп хабарлады «Атамекен» ҰКП сайтынан.
«Атамекен» ҚР ҰКП ұсынысымен Евразия экономикалық одағы ішкі нарығындағы бизнес аясында кездесетін келеңсіздіктерді жылдам шешу мақсатында «Атамекен» ҚР ҰКП ішінен Келісім комиссиясы құрылды. Келісім комиссиясы құрамына ҚР Парламент Мәжілісі депутаттары, Вице-министрлер мен ҚР басқада құзырлы органдарының және «Атамекен» ҚР ҰКП өкілдері кірді», - делінген хабарда.
Отырысқа қатысушылардың шешімімен Келісім комиссиясының Төрағасы ретінде ҚР Ұлттық экономика Вице-министрі Серік Жұманғарин сайланды.
«Бұл алаңда түйіткілді мәселелер қозғалып қана қоймай, ЕАЭО аймағындағы отандық кәсіпкерлерге тиімді оң шешімдер шығарылмақ», - делінген хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: