Эбола вирусына қарсы вакцина 2015 жылы ғана қолжетімді болады

Алматы. 14 қараша. ҚазТАГ – Эбола вирусына қарсы вакцина 2015 жылы ғана қолжетімді болады, деп хабарлайды ресейлік БАҚ-тар.
«Эбола вирусына қарсы вакцина сынақтан сәтті өткен жағдайда 2015 жылы ғана қолжетімді болады», - деп хабарлайды БАҚ-тар БҰҰ асқынған безгекке қарсы күрес жөніндегі бас хатшысының арнайы елшісі Дэвид Набарроға сілтеме жасай отырып.
Қазіргі таңда, Д. Набарроның айтуынша, екі перспективалы вакцина сынағының бірінші фазасы жүріп жатыр. Егер ары қарайғы тестер сәтті болатын болса, дәрі-дәрмек қысқа мерзімде мұқтаж жандарға жәрдемге жөнелтілмек.
«Біз мұқтаж жандардың оларды мүмкіндігінше тезірек алуы үшін тырысып бағамыз», - деді арнайы елші.
Өз кезегінде, БҰҰ жанындағы Либерияның тұрақты өкілі Ванди Чиди Минах тестердің 2014 жылдың аяғына қарай сәтті бітуін күтіп отырғанын мәлімдеді. Мұнымен қатар ол безгекті емдеуде прогреске Ұлыбритания, Жапония және Қытайдың әртүрлі фармацевтикалық компаниялары қол жеткізгенін атап өтті.
Сонымен бірге, БҰҰ Эболаға төтенше жедел әрекет ету жөніндегі миссия басшысы Энтони Бэнбери тап қазіргі сәттегі халықаралық күш-жігердің негізгі мақсаты – 1 желтоқсанға қарай Эбола жұқтырғышы диагнозы анықталған кем дегенде 70% пациенттің карантинін қамтамасыз ету, сондай-ақ безгектен көз жұмғандардың 70%-ының денесін дер кезінде жерлеу екенін мәлімдеді.
ДСҰ мәліметі бойынша Эбола безгегінен қаза тапқандардың жалпы саны 5,1 мың адамнан асып жығылады, жұқтырғандар – 14 мыңнан астам адам.

adimage