Эболадан зардап шеккен елдерге аштық қаупі төніп тұр

Күні: 10:52, 12-11-2014.

Алматы. 12 қараша. ҚазТАГ – Эболадан зардап шеккен елдерге аштық қаупі төніп тұр, деп хабарлайды ВВС орыс қызметі.
«БҰҰ Эбола вирусының таралуынан көбірек зардап шеккен африкалық елдердің азық-түлік дағдарысының аз-ақ алдында тұрғанын ескертуде. Батыс Африкадағы миллионнан астам адам аштықтан қашып құтылу үшін азық-түлік жәрдеміне мұқтаж», - делінген жариялымда.
Атап өтілгендей, Гвинея, Либерия және Сьерра-Леоненің ауыл шаруашылығындағы жұмыс күшінің жоқтығы өңір үшін маңызды күріш пен жүгері секілді дақылдардың жетіспеушілігіне ұласуда.
Одан өзге, ауру қамтыған аудандарда адамдар тамақ іздеу үшін карантин аймақтарын тастап шығатындарын айтып қорқытуда.


Жаңалықтармен бөлісу: