ЕДҚБ-ның Қазақстан бойынша директоры Джанет ХЭКМАН: БАНК ҚАЗАҚСТАНДА ЖЕКЕ СЕКТОРДЫҢ ДАМУЫНА МЕЙЛІНШЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТЕДІ

Алматы. 3 қазан. ҚазТАГ – Асхат Ахметбеков. Еуропалық даму және қайта құру банкіндегі (ЕДҚБ) Қазақстанның рөлі ерекше. Қазақстан бойынша ЕДҚБ өкілдігінің директоры Джанет Хэкманның мәліметтерінше, қазір республика тек сырттан инвестиция қажет етіп отрыған ел емес, сонымен қатар сыртқа өзі қаржы сала алатын донор мемлекетке айналды. Бұл тығыз ынтымақтастықтан келешекте қазақстандық кәсіпкерлер ұтады деп күтілуде.

 

- Соңғы 20 жылда ЕДҚБ Қазақстан экономикасына $6 млрд-тай инвестициялағаны белгілі. Ол инвестициялар экономиканың қандай секторларына салынды? Банктің 2013-2015 жылдарға есептеген инвестициясының көлемі қандай болмақшы?

 

- Мен биылғыдан бастайын. 2013 жылы біз Қазақстанға 500 млн еуро саламыз. Ал келесі жылға біз әлі есептеген жоқпыз, себебі биыл күзде біз және директорлар ҚР үкіметімен алдағы үш жылға ынтымақтастық стратегиясын талқылаймыз.

Ал Еуропалық даму және қайта құру банкі қаражатын қайда салды дегенге келсек, онда біз Қазақстан экономикасының барлық секторларына салдық, оның ішінде қаржылық институтына, энергетикасына, әсіресе жеке энергетикалық жобаларға, өндіріс пен қызмет саласына салдық. ЕДҚБ шағын және орта бизнес секторына (ШОБ) да салды. Биыл біздің инвестициялайтын негізгі секторларымыз муниципаолдық (қалалық) инфрақұрылым болып отыр.

Біз сондай-ақ инфрақұрылымдық жобаларға – Шымкент-Ташкент автожолын салуда қазақстанмен ынтымақтаса қатысамыз. Біздің банк Шымкенттен шекараға дейінгі аралығын салуды қаржыландырады.

 

- Сіз біздің елдегі инвестиция салуға жарамды қандай маңызды учаскелерді атаған болар едіңіз? Бұрындары ЕДҚБ Қазақстанда жеке және мемлекеттік экономикалық жобаларға қатыспақ ниетте деп айтылып еді.

 

- Банк «жасыл» экономиканың жобаларына ерекше мән береді. «Жасыл» экономика саласындағы барлық жобалар біз үшін өте маңызды. Ол біздің алдағы үш жылғы жоспарымыздағы басты назарда болады. Осыған байланысты біздің Қазақстанмен ынтымақтастығымыздың жаңа стратегиясы негізгі үш элементтерге: «жасыл» экономикаға, экономиканы әртараптандыруға, жеке секторға шоғырланады.

Қазірге біздің портфеліміздің 60% жеке секторға шоғырланып, 40% -  квазимемлекеттік секторда. Біз әдетте мемлекеттік сектормен жұмыс істегенімізде, онда жеке компанияларды әр түрлі бағдарламаларға кіргізуге немесе жеке меншік-мемлекеттік серіктестік ретінде кіргізуге тырысамыз,

 

- Қазақстанның ЕДҚБ үшін рөлін нақтылап кетіңізші: ол сырттан банк инвестицияларын тартатын ел ме, әлде донор-мемлекет пе? Осыған байланысты біздің елдің келешегі қандай?

 

- Қазақстанның ЕДҚБ үшін рөлі ерекше: республика банк инвестиция салатын да ел, сонымен қатар донор-мемлекет. Осындай жағдай биыл бірінші рет қалыптасып отыр.

Біз Қазақстан үкіметінің ШОБ үшін консультация беру бағдарламасын қаржыландыруды өз мойнына алатыны туралы келісімге қол қойғанымызға қуаныштымыз. Мысалы: соңғы он жылда біз мыңнан астам компанияны колнсультацияладық. Осылайша банк олардың бизнесін бәсекелесті болына көмектесті. Бұрын бізде осындай бағдарламалар болған, оларды Жапония мен АҚШ үкіметтері қаржыландырып отырған. Ол өте құнды бағдарлама, себебі ол өңірлерде тікелей жұмыс атқарады және оның сол жерлерде табысты іске асырылуы жайлы көптеген мысалдар келтіруге болады.

 

Сіз Қазақстан экономикасының қазіргі дамуын жалпы қалай бағалаған болар едіңіз?

 

- Өте жақсы.

 

- Қазақстан экономикасының өсуі жайлы ЕДҚБ-ның қазіргі болжамы қандай? Алдағы уақытта болжам қандай себептермен өзгеруі мүмкін?

 

- ЕДҚБ банкінің соңғы жасағана болжамынша, биыл Қазақстан экономикасының өсуі 7% -дан 4,4%-ға дейін төмендейді. Бірақ, әлемде не болып жатқанын ескерсеңіз, оның ішінде Батыс Еуропа мен АҚШ-та, 4,4%өсімді басқа мемлекеттер армандауы мүмкін. Болжамға ықпал ететін негізгі факторлар жаһандық факторлар, әсіресе Ресей мен Қытай экономикасының тежеуілдеуі, сондай-ақ жалғасып отырған рецессия мен Батыс  Еуропадағы жағдайдың беймәлімдігі болып отыр.

Жаһандық тұрғыдан бұл әлем экономикасы үшін әлі күрделі кезең.

 

- Қазақстан экономикасының өсу қарқынына қандай қауіп-қатер ықпал етуі мүмкін?

 

- Негізгі қатерлер табиғи ресурстардың – мұнай, газ бен басқа да шикізаттардың бағасы. Сондай-ақ ішкі экономикалық саясатта, тұрақты экономиканы қалыптастырудың ұзақ мерзімдік стратегиясы аясында елдің шикізат тауарларының бағасына тәуелділіктен кетуі үшін ШОБ өсуі мен экономиканы әртараптандыру өте маңызды.  

 

- Сіз Қазақстанға бизнес саласында жемқорлыққа қарсы белсендірек іс-әрекеттер қабылдау керек деп санайсыз ба?

 

- Жемқорлыққа қарсы күрес мәселесінде өте мұқият болу керек деп ойлаймын. Үкімет және жергілікті муниципиалды органдардың, сондай-ақ басқа да құрылымдардың Еуропа қайта құру және даму банкімен неліктен жұмыс жасағысы келетініне себептердің бірі - біздің жемқорлыққа қарсы қатал ішкі іс-қимыл саясатын ұстануымызда.

Сыбайлас жемқорлық үшін ең осал тұстарының бірі сатып алу саясаты болып табылатыны жасырын емес. ЕҚДБ-да сатып алудың өте қатаң ережелері қабылданған - бұл үдерісті мейлінше айқын етуге тырысқандықтан, бізбен жұмыс істеуді қалайтындар көп. Айталық, біздің қандай да бір жобамызды алайық. Ол туралы барлық ақпарат веб-сайтқа жарияланады, және біздің Лондондағы сатып алулар бойынша мамандарымыз ірі жобалардағы барлық сатып алуларды талдап, мониторинг жүргізеді. Аталған жағдайда біз сондай-ақ кеңес берумен айналысамыз және жеке кәсіпорындар мен әкімдіктерде ашық және анық тендерлік шараларын өткізу бойынша тренингтер өткіземіз.

 

- Сіздің ойыңызша, Қазақстандағы бизнес пен баға белгілеуге мемлекеттің араласуын шектеу керек пе?

 

- Біз жеке сектор дамуын әрқалай ынталандырып отырамыз, және жеке сектор көптеген жағдайда мемлекеттік кәсіпорынға қарағанда тиімдірек болуы мүмкін деген ойдамыз. Әсіресе мемлекеттің араласуынсыз.

Банкі мемлекеттің жақында қабылдаған инвестициялық омбудсмен енгізу туралы шешіміне қанағаттанды. Ал ендігі, инвестор мемлекеттік сектор тарапынан проблема немесе араласуды сезінсе, бұл мәселелер көп кешікпей іс жүзінде ең жоғары деңгейде көтеріле алады.

Баға белгілеу мәселесіне қатысты айтар болсақ, негізгі мәселе тарифтер жайлы деп ойлаймын. Әсіресе электр қуаты мен муниципиалды - су, телефон байланысты және т.б.  тарифтері.

Біз Қазақстан үкіметімен дәл осы тарифтік саясат асында көп жұмыс жасаймыз. Біздің ойымызша, тап осы тарифтер бәсекешіл және саудалық тұрғыдан тиімді болуы керек, әйтпесе энергетика, сумен жабдықтау, су ағындыларын тазарту және жаңартылмалы энергия көздері (ЖЭК) сияқты секторларда жеке инвесторлар болмайды. Атап айтқанда, банкі Қазақстан президенті 6 шілдеде қол қойған ЖЭК бойынша жаңа тарифтік саясатының енгізілуіне көңілі толды.

 

- ҚР Ұлттық банкі ақпарына сәйкес, қазіргі таңда Қазақстан үкіметі банкімен қазақстандық ШОБ үшін несие бөлу мүмкіндігі туралы келіссөздер жүргізуде. Осы мәселені түсіндіріп беруіңізді өтінемін.

 

- Бұл біз үшін өте маңызды бағдарлама. Біз жақында Лондонда болып, аталған жобаның параметрлерін келістіру үшін банкінің басқарушы комитетімен кездестік. Біз бұл бағдарлама банкі басшылығы мен Қазақстан тарапынан күзде мақұлданып, осы жылдың соңына таман қаржыландыру басталады деп сенеміз.

Аталған бағдарлама 10 жыл бұрын жүзеге асырылған бағдарламамен шамалас болады. ЕҚДБ қазақстандық банкілермен жұмыс істейді - оларға ШОБ жұмысы бойынша тренингтерімен, несиелік талдауларымен көмек береді, сондай-ақ осы бағдарлама шеңберінде банкі серіктестері тренингтерін де қамтамасыз ететін болады. Осыдан кейін біз ШОБ үшін аталған іс-шараларды қаржыландыратын боламыз. Бұл жеке кәсіпкерлер үшін $1-2 мың көлеміндегі шағын қарыздар болады.

 

- Бұрынырақ таралған ақпарға сәйкес, ЕҚДБ акционерлік қоғам және тәуелсіз директорлар жұмысын реттемелеуші қазақстандық заңнаманы жетілдіру мақсатында өз ұсыныстарын жеткізбек. Банкінің ұсынысы немен түсіндіріледі?

 

- Астанада Қазақстан корпоративті заңнамасына қатысты ұсыныстармен жұмыс істейтін командамыз бар. Олар осы жылдың күзінде өз жұмыстары жөнінде есеп тапсырады, сонда біз сізбен осы құжаттағы ақпаратпен бөлісуге қуанышты болар едік.

 

- ЕҚДБ президенті Сума Чакрабартидің айтуынша, Қазақстан банкілік жүйесіндегі сенімсіз несиелер деңгейі жеткілікті дәрежеде жоғары. Осыны ескере отырып, банкілер қарыз портфелінің айтарлықтай жақсаруын күтуге бола ма, әлде онда шешілмеген көп мәселелер, былайша атқанда, «сылдырлаған сүйектер» әлі де бар ма?

 

- Сенімсіз несиелердің деңгейі жоғары дәрежеде қалып отыр және дағдарыстан кейін 5 жыл өтсе де біз күткеннен әлдеқайда жай қарқынмен төмендеп келеді.

 

- Статистика мәліметтеріне сәйкес, Қытай Ресейді шаң қаптырып, Қазақстанның ірі саудалық серіктесі атанды. Қытай Еуропалық одақ елдерімен қатар қазақстандық шикізатты сатып алушы ірі саудагер және ҚР-ға дайын өнім тасымалдаушы ретінде көрінуді жалғастыруын ескерсек, Қазақстан Кедендік одаққа кіруде асығыстыққа барған жоқ па?

 

 - Қытай тек Қазақстан үшін ғана емес, сонымен бірге бүкіл әлем үшін де маңызды сауда серіктесі болып табылады. Қазақстан Қытайдың көршілесі болып келеді, және республикаға ҚХР-дан үлкен көлемде инвестициялар келіп түседі. Егер Қазақстанның бірқатар өңірлерінен қарайтын болсақ - онда ең көбі қытайлық инвестициялар.

Қазақстанның Қытаймен сауда қатынасын жалғастырғаны өте маңызды. Қытай ЕҚДБ мүшесі болып табылмайды, дегенмен біз Қазақстандағы қытайлық компаниялармен жұмыс жасауға ниеттіміз. Бірақ қазіргі кезде біз қытайлық бірде-бір компаниямен қызметтеспейміз. Бұл ретте біз қазақстандық экономикада маңызды бөлікті қытайлық компаниялар алып жатқандығын түсінеміз.

 

- ЕҚДБ Қазақстан, Ресей және Беларусь арасындағы интеграция қорытындысын жалпылама қалай бағалайды?

 

- Аталған мәселе бойынша біз сізге 2012 жылғы өтпелі үдеріс туралы ЕҚДБ баяндамасымен танысып шығуға кеңес береміз, 4-тарау, оны сіз ЕҚДБ сайтынан таба аласыз.  (http://www.ebrd.com/downloads/research/transition/tr12ru.pdf)

 

- Сұхбатыңызға рақмет! 


adimage