Алматы. 16 тамыз. ҚазТАГ - Эдуард Огай «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС басқармасы төрағасы қызметіне қайта оралды, деп хабарлады корпорацияның баспасөз қызметінен.
«Басқарушы Кеңестің бас директоры қызметін атқарған Бақтияр Қырықпышев, «Қазақмыс Коппер» АҚ Басқарма Төрағасы қызметіне ауысты. Бақтияр Әбдірахманұлы Қазақмыстың тұрақты дамуы мәселелерімен айналысатын болады.Эдуард Огай Корпорацияның бірінші басшысы болды, ол бұған дейін 2006-2015 жж. компанияны басқарған», - делінген жұмада таратылған хабарда.
Еске салсақ, Эдуард Огайдың «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС басқармасы төрағасы қызметінен кеткені туралы 2016 жылдың наурызында белгілі болған еді.
Эдуард Огай «Қазақмысты» қайта басқарды
