Егер мұнай бағасы барреліне $70 –ға дейін құлдырайтын болса, ОПЕК мұнай өндірісін азайтуы мүмкін

Алматы. 7 қараша. ҚазТАГ – Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы (ОПЕК) елдері, егер мұнай бағасы барреліне $70 –ға дейін құлдырайтын болса, мұнай өндірісін азайтуы мүмкін, деп хабарлады ресейлік БАҚ-тар.  
«Егер мұнай бағасы барреліне $70-ке дейін төмендейтін болса, ОПЕК алаңдаушылық танытады. Біз мұнай баррелі $100 бағамен өмір сүріп үйреніп қадық», - деп айтқан ұйым мүшесінің дәйксөзін БАҚ келтіреді.
27 қарашада Венада ОПЕК министрлер деңгейінде кездесу өткізеді. Әзірге ұйым мүшелері мұнай бағасының биылғы жаздан бері 25%-ға құлдырағанына үйлесімді жауап таба алған жоқ.
Хабарда айтылғандай, егер мұнай бағасы барреліне $70-ке дейін төмендейтін болса, онда ОПЕК-тің жекелеген мүшелерінің бюджетінде айтарлықтай құлдырау болады.
Мысалы, Венесуэлада келесі жылы бюджет теңгерімді болуы үшін, Deutsche Bank есебінше, мұнай бағасы барреліне шамамен $117,5 болуы керек.
Қазір Brent қоспасындағы мұнай бағасы лондондық фючерстік мәмілелердің құрылықаралық биржасында $83/баррель болып тұр.

adimage