Екатерина Липатова: Девальвациядан мемлекеттік компанияларға келетін пайда ішкі нарықта теріс болады

Алматы. 5 қазан. ҚазТАГ – Ұлттық валютаны қатты әлсіретіп жіберу экономиканың нақты секторына пайдалы деген пікір онша дұрыс емес. Мәселе көптеген компаниялардың шетелдік валютада қарыздарының барында және шығын көріп отырғандығында. Нәтижесінде теңгені күрт девальвациялау олардың қаржылық жағдайы нашарлатып жіберуі мүмкін. Бірінші кезекте ол жекелеген квазимемлекеттік құрылымдарға қатысты.
Біз халықаралық рейтингтік агенттік Moody’s Investors Service-нің кіші вице-президенті Екатерина Липатовадан осы макроэкономикалық ахуалдың нашарлап тұрған жағдайында теңгенің кезекті құлдырауынан соң төнген қауіп-қатерлер мен корпоративтік сектордың келешегіне баға беруін сұраған едік.

- Екатерина Алексеевна, Қазақстанда кезекті девальвация жүргізілді, теңге бағамы еркіндікке жіберілді. Оның квазимемлекеттік компаниялардың қаржылық жағдайына әсері қандай болады?

- Девальвацияның мемлекеттік компанияларға әсері әр бағытта болады, ол олардың жұмысына байланысты. Мысалы, «ҚазМұнайГаз», «Қазатомөнеркәсіп» сынды экспортерлер үшін оның әсері оң болады немесе болмайды, себебі олардың валютадағы операциялары мен капиталдық шығындары едәуір ауқымды. Олар теңгенің әлсіреуіне байланысты экспорттық кірістердің өсуінің оң әсерінің дәрежесін төмендетеді. Оның үстіне осы компаниялардың қарыздары да негізінен валютада.

- Ал кірістері ұлттық валютамен есептелетін компаниялар үшін девальвациядан келетін пайда қандай болады?

- Ішкі нарықта жұмыс істейтін мемлекеттік компаниялар үшін әсері теріс болады. Біз валютадағы шығынның едәуірлігінен және инфляциялық қысымның күшейуінен компаниялардың маржалық кірістерінің азаюын күтеміз. Одан басқа, салық салмағы да арта түсті, себебі барлық компаниялардың қарыздары негізінен шетелдік валютада. Дегенмен біз осы теріс әсер жартылай болса да, компаниялардың мемлекеттен қолдау көруінің әсерінен әлсірейді деп есептейміз.

- Сіз ұлттық валютаның күрт әлсіреуінен ең көп қауіпке ұшыраған компаниялдарды атай аласыз ба?

- Ұлттық валютаның әлсіреуінен ішкі нарықта жұмыс істеп жүрген кірісінің басым бөлігі теңгемен болатын импортерлер мен компаниялар қауіп-қатерге көбірек ұшырайды. Олар «Қазақстан темір жолы», «Қазтеміртранс», «Қазақстанинжениринг» және КЕGOC.

- Оның неге байланысты екенін егжей-тегжейлі айтып беріңізші.

- Бұл бірінші кезете валютадан түсетін кіріспен орны толмайтын валюталық шығынның, капиталдық шығынның, сондай-ақ борыштық міндеттердің едәуір үлкендігінен болып отыр.
Девальвация ішкі сұраныстың әлсіреуіне әкеледі, ол компаниялардың операциялық және қаржылық көрсеткіштеріне теріс әсер етеді де, ал олар шығындардың өсуін соңғы тұтынушыларға толық аудара алмайды.

- Ал жеке компанияларға не болады?

- Біз жеке компаниялардың, мысалы, RG Brands үшін қауіп-қатер едуір жоғары, себебі олар мемлекеттік қолдауға тікелей қол жеткізе алмайды деп есептейміз.

- Девальвациядан басқа корпоративтік секторға қандай негізгі қауіп-қатер бар?

- Негізгі қатерлерге макроэкономикалық ортаның нашарлауын, ішкі сұраныстың әлсіреуін және инфляциялық қысымның артуын, сондай-ақ несие алу бағасының қымбаттап, банк кредиттеріне қол жеткізу қиындай түсуін жатқызуға болады.

- Компаниялар мен даму институттарының рейтингін қолдай алатын оң факторлар бар ма?

- Қазіргі кезде мемлекеттік компаниялардың рейтингі үшін негізгі факторлардың бірі тарифтерді индекстеу, капитал құю, субсидиялау, жеңілдетілген несиелендіру мен т.б. түріндегі мемлекет тарапынан қолдау болып қалып отыр.

- Ал корпоративтік құрылымдардың рейтингіне теріс ықпал ететін негативті факторлар бар ма?

- Жоғарыда аталған қатерлерден басқа, Қазақстандағы барлық компаниялардың рейтингіне теріс ықпал ететін негізгі факторлардың бірі мемлекеттік қауіп-қатер болып отыр. Ол қандай мемлекеттегі индустриалдық тұрақтылықтың төмен деңгейімен, құқықтық ортаның мешеулігімен, және саяси тәуекелдің жоғарылығымен байланысты.
Одан басқа қатердің тағы бір факторы ретінде банк жүйесінің жағдайы болып қалып отыр.

- Стресстік жағдай туындай қалған болса, квазимемкомпанияларға мемлекеттік қолдау көрсету ықтималдығын қаншалықты жоғары дер едіңіз?

- Біз мемлекеттік қолдау көрсету ықтималдығын жоғары бағалаймыз, ол, өз кезегінде, мемлекеттік компаниялардың олардың кредиттік қабілеттілігінің базалық бағалауына қарағанда (мемлекеттік қолдауды есепке алмағандағы – ҚазТАГ) рейтингінің орташа алғанда 2-3 сатыға жоғарылығында көрініс табады. Мысалы, «ҚазМұнайГаз» үшін базалық бағалау бізде ba3, ал компанияның финалдық рейтингі инвестициялық Baa3 деңгейінде.

- Сұхбатыңыз үшін рақмет!

adimage