Екі ақмолалық жарылғыш заттарды ұрлаған және заңсыз сатқан деген күдікке ілінді

Астана. 5 желтоқсан. ҚазТАГ – Екі ақмолалық жарылғыш заттарды ұрлаған және заңсыз сатқан деген күдікке ілінді, деп хабарлады Қазақстанның ҰҚК баспасөз қызметінен.
«Ақмола облысы бойынша ҚР ҰҚКД өңірде жарылғыш заттарды ұрлаумен және заңсыз сатумен айналысқан қылмыстық топтың заңға қайшы әрекетінің жолын кесті. Сонымен, 2019 жылдың 20 қарашасында шұғыл-тергеу амалдарының нәтижесінде аммонитті құты мен капсюль дүмпіткішті сату барысында қылмыстық топтың екі мүшесі ұсталды», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.
Арнайы қызмет ақпарынша, көпкезеңді шұғыл әрекет барысында қылмыстық топтың болжалды мүшелерінен 2019 жылдың қазан-қарашасында 809 аммонитті құтысы мен жалпы салмағы 200 кг аммониттің екі пакеті, сондай-ақ 442 капсюль дүмпіткіші тәркіленген.
«Ұсталғандар Көкшетау ПБ УҰИ тоғытылды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген хабарда.

adimage