Атырау. 15 тамыз. ҚырТАГ – Екі жылда Атырауда 10 гүлзар салынып, қайта жөнделеді, деп хабарлады ҚазТАГ тілшісі.
«Жаңасын салу және қолданыстағы гүлзарларды қайта жөндеу жұмыстары екі кезеңге бөлінген. Барлық жұмыстар кем дегенде екі жылға созылады. Жаңа гүлзар құрылысы мен бұрынғыларын қайта жөндеу жұмыстары қаланың алты нүктесінде жүргізіледі», - деп хабарлады Атырау әкімдігінің құрылыс бөлімінің басшысы Айбек Жәлелов.
Оның айтуынша, төрт гүлзарды Қ.Смағұлов ат. алаңда, екеуін Құрманғазы ат. алаңда, және тағы біреуін Балықшы ықшамауданында А.Құнанбаев көшесінде орнатады.
«Мердігер компанияның бірі тұрғындарға сыйлық ретінде «Ақ Жайық» қонақ үйі алдында өз қаржысы есебінен гүлзар салатын болды», - деді шенеунік.
Жобаның жүзеге асырылуына орай, мамандар ескілерінің орнына жаңа электр және су өткізгіш желілерін орнатады.
Атап өтелік, Атырауды гүлзарлар қаласы деп тектен-тек атамаған. Қазіргі таңда мұнайлы қалада 30 шақты гүлзар жұмыс жасап тұр.
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34