Екібастұз қаласының әкімі тағайындалды

Алматы. 28 тамыз. ҚазТАГ - Ержан Иманзайыпов Екібастұз қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды «Павлодар-онлайн».
«Екібастұзда жаңа әкім тағайындалды. Нұржан Әшімбетованың орнына 35 жастағы Ержан Иманзаипов тағайындалды», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарламада.
Осы лауазымға тағайындалғанға дейін Иманзайыпов Павлодар облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы болған. Осы жылдары Табиғи монополияларды реттеу агенттігінде жұмыс істеді, Павлодар және Екібастұз әкімдерінің орынбасары болды.

adimage