Екібастұзда 2016 жылдан бастап теміржол доңғалақ сыңарлары шығарылатын болады

Павлодар. 2 шілде. ҚазТАГ  Екібастұзда 2016 жылдан бастап теміржол доңғалақ сыңарлары шығарылатын болады. Бұл туралы қалаға Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаевтың жұмыс сапары барысында белгілі болды.
«R.W.S. Wheelset» ЖШС теміржол белдіктерін өндіру мен доңғалақ сыңарларын құру жөніндегі зауытты «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ны және республиканың өнеркәсіптік тобына кіретін вагон жөндеу кәсіпорындарын жүк вагондарына арналған теміржол белдіктерімен және доңғалақ сыңарларымен қамтамасыз ету үшін құрып отыр. Ол өңірде қалыптастан ірі теміржол кластерінің бір бөлігі болып табылмақ. Мұнда алуан типтегі құрамдарға арналған доңғалақтар, брустар, вагондар жасалатын болады. Біз, өз кезегінде, импорттың орнын басатын заманауи өндіріс ұйымдастыра отырып, белдіктер мен доңғалақ сыңарларын ұсынамыз», - деп хабарлады кәсіпорын жетекшісі Александр Слободов.
Ол 2012 жылы басталған жобаны жүзеге асыру 2016 жылы аяқталатынын нақтылай өтті. Оның жалпы құны Т9 295 млн. Зауыттың жобалық қуаттылығы  жылына 32 мың теміржол белдігі мен 10 мың доңғалақ сыңары.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да осының өзінде 2020 жылға дейін теміржол белдіктері мен доңғалақ сыңарларын жеткізуге деген ұзақмерзімдік келісімге отыру туралы хаттамалық шешім қабылданған. Біз болсақ несие мөлшерлемесін субсидиялау, несиені кепілдендіру және инфрақұрылымды бірлесіп қаржыландыру бағыттары бойынша жобаның БЖК-2020 бағдарламасына қосылуын күтудеміз», - деп хабарлады кәсіпорындағылар.

adimage