Екібастұзда екінші қабаттан екі жасар қыз құлап, аман қалды

Павлодар. 24 маусым. ҚазТАГ- Екібастұзда екінші қабаттан екі жасар қыз құлап, аман қалды, деп хабарлайды ҚазТАГ.

"Кешкі сағат 21:00-де көпқабатты үйлердің бірінен биіктіктен құлау оқиғасы туралы қоңырау түсті. Бес минуттан кейін келген дәрігерлер екінші қабаттағы терезеден москит торымен бірге құлаған екі жасар қызға алғашқы көмек көрсетті. Бала қалалық ауруханаға жеткізілді", – деп хабарлады Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы дүйсенбі күні.

Өткен демалыс күндері «103» желісіне келген қоңыраулар саны 25% -ға көп болды.

Фото көзі: pixabay


adimage