Екібастұзда ұшып кеткен мейрамхана шатыры қасындағы екі көпқабатты үй мен үш көлікке зақым келтірді

Павлодар. 27 қаңтар. ҚазТАГ – Павлодар облысы Екібастұзда ұшып кеткен мейрамхана шатыры қасындағы екі көпқабатты үй мен үш көлікке зақым келтірді, деп хабарлады ҚазТАГ.
«27 қаңтарда сағат 4.27-де Екібастұзда Абай көшесі, 60 мекенжайындағы «Бәйтерек» мейрамхана-кешенінің шатыры екпінді жел салдарынан ұшып кеткен. Ол электр тоғына құлаған. Нәтижесінде жақын маңдағы үйлерге электрэнергиясын беру бұзылған, ол жарты сағат ішінде қайта қалпына келтірілген», - деп хабарлады Екібастұз әкімі аппаратының жұмылдыру жұмысы, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Ризабек Әшірбеков.
Оның ақпарынша, үш жеңіл көлік пен ғимараттың сыртқы беті зардап шеккен.
«Оқиға орнында «Горэлектросеть» қызметкерлері, қала полициясы басқармасы жұмыс жасады. Шығын сомасы нақтылануда. «Бәйтерек» кешенінде электр тоғы қалпына келтірілді, жұмыстар жүргізілуде», - деді Әшірбеков.
Ғимарат 1994 жылы салынған. 2009 жылы мейрамхана шатыры қайта жөнделді.

adimage