Екібастұзда теміржол кластеріне қызмет көрсететін электрстанция ашылды

Күні: 17:16, 05-09-2018.

Алматы. 5 қыркүйек. ҚазТАГ – Екібастұзда теміржол кластеріне қызмет көрсететін электрстанция ашылды, деп хабарлады Khalykbergen strategic communications.
«Павлодар облысында елді индустриалды-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында жаңаэлектрстанциясының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді, ол 7 жаңа зауыт пен өндірістік компаниялардан тұратын теміржол кластерін элекрэнергиясымен қамтамасыз ететін болады», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, 80 мегавольт-ампер (МВА) дейін жұмыс қуаты бар жаңа станция энергиямен теміржол өнімін шығарумен айналысатын (доңғалақ, арбалар мен теміржолға арналған бағыттық бұрылыстар, вагондар және жылу – электровоздарға арналған доңғалақтар жұбы және т.б.) бірнеше зауытты энергиямен қамтамасыз ететін болады.   Станция жобасын Павлодар өңірінің суық климатының ерекшелігін ескере отырып, технология мен құрал-жабдықтарды қолданып, шетелдік мамандар әзірледі.  Станцияның есептік қуаты  41,36 МВА құрайды, резервтік қуатты ескергенде -  80 МВА дейін.
  ПС 220/35/10 кВ – «ФерроТрансТрейд» ЖШС «Екібастұз алаңы» құрылысының жалпы құны   Т2,5 млрд. құрады. Жобаны қаржыландыру Т1,84 млрд көлемінде лизингтік мемқаржыландыру есебінен жүзеге асырылды, ал қалған бөлігі кәсіпорынның өз қаржысы есебінен.  


Жаңалықтармен бөлісу: