Екібастұзда әйел адам 12 жасар баланы өлімші етіп қағып кетті

Күні: 11:44, 30-05-2019.

Павлодар. 30 мамыр. ҚазТАГ - Екібастұзда әйел адам 12 жасар баланы өлімші етіп қағып кетті, деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаменті (ПД) ресми өкілі Жанар Белялова.
«29 мамырда сағат 17.27-де 1959 ж.т. әйел Hyundai Tucson көлігімен Екібастұзда Абай көшесінің реттелмейтін жаяу жүргіншілер жолын кесіп өтіп бара жатқан 2007 ж.т. баланы қағып кеткен. Өкінішке орай, ЖКО салдарынан ер бала алған жарақаттарынан қайтыс болды», - деді бейсенбіде Белялова.
Оның айтуынша, жүргізуші уақытша ұстау изоляторына тоғытылды.
«Шетел көлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР ҚК 345 б. 3б. бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деді Павлодар облысы ПД ресми өкілі.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ақпарынша шақырту 29 мамыр күні сағат 17.27-де түскен.
«17.30-да жедел жәрдем бригадасы оқиға орнында болған. Олар баланың қайтыс болу дерегін тіркеген», - деп хабарлады басқармадан.


Жаңалықтармен бөлісу: