Экономиканы әртараптандырмайынша Қызылорда облысы алдағы 15 жылда үлкен проблемаларға душар болады – әкім

Күні: 12:13, 07-11-2014.

Астана. 7 қараша. ҚазТАГ – Жанболат Мамышев. Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев экономиканы әртараптандырмай өңір алдағы 10-15 жылда үлкен проблемаларға душар болады деп санайды.
«Егер Құмкөл кен орнын алатын болсақ, шығарылатын қорлар бары 126 млн тонна (құрайды – ҚазТАГ), ал бізде жыл сайынғы мұнай өндірісі – 10 млн тонна. Алдағы 10-15 жылда оның бәрін тауысамыз деп санай беріңіздер. Біздегі негізгі мұнай кен орны ол – Құмкөл, ал әрі қарай не істемекшіміз? Егер біз қазір экономика құрылымын өзгертпесек, егер экономиканы әртараптандыру бойынша шұғыл шаралар қабылдамасақ, онда біз өңірді үлкен проблемаларға ұшыратамыз», - деді Қ. Көшербаев жұма күнгі брифингіде.
Оның айтуынша, өңірді дамытудың жалғыз ғана жол үдемелі индустрияландыру бағдарламасына қатысу болып табылады.
Сонымен бірге әкім өңірдегі инфрақұрылым дамуының маңыздылығын атап өтті.
«Нарықтың экономиканың негізін салушылардың тағы біреуі Адам Смит инфрақұрылым мен логистикасыз бизнестің жоғын, дамудың жоғын айтып кеткен. Қызылорда облысында бұл жағынан мүмкіндіктер бірегей. Картаға қараңыздар – облыс ортасынан Сырдария өзені өтеді», - деді ол.
«Оның маңында Бейнеу-Бозой-шымкент газ құбыры да, Батыс Еуропа-Батыс Қытай көлік жолы да, мұнай құбыры да бар, топталған су таратқыштар, жоғары вольтты электр беру және оптикалық-талшықты байланыс желілері де бар. Және де осы күретамырдың айналасында 95% халық өмір сүріп жатқан 85% елді мекен орналасқан, яғни инфрақұрылымды дамыту бойынша жүзеге асырып жатқан жобалар бізге өте тиімді және өсімді дамуға мүмкіндік береді», - деп түйді Қ. Көшербаев.


Жаңалықтармен бөлісу: