Экономист Ісләм АХМЕТОВ: ЭКОНОМИКАНЫ НЕСИЕЛЕУДЕГІ ЕДБ СЕЛҚОСТЫҒЫН НАРЫҚТЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫН ТІЗБЕКТІ ШЕШУ АРҚЫЛЫ ЕҢСЕРУГЕ БОЛАДЫ

Алматы. 9 қараша. ҚазТАГ – Асхат Ахметбеков. Экономиканың нақты секторын несиелеу қажет. Несиелеудің өсуінің қарқыны қандай және ол экономиканың мұқтаждығын қанағаттандырып отыр ма, экономиканы несиелеуді кеңейте түсу үшін үкімет не істеуі тиіс? Осы және басқа да сауалдарға біз экономика ғылымдарының кандидаты Сләм Ахметовтан жауап беруін сұраған едік.

 

 - Ісләм Сапарғалиұлы, банктермен экономиканы несиелеу қарқынының төмендігі қандай сипатта?

 

- Статмәліметтер бойынша, ағымдағы жылдың 8 айындағы несиелеудің жалпы өсуі 9,1% (өсуі 689,6 млрд теңге) болған. Несиелеудің жалпы өсуі «басқа салалар» бойынша 338 млрд теңге болды. 2008 жылы несиелендірудің жалпы көлемі 2,8% (201,9 млрд теңге), 2009 жылы –2,5% (183,8 млрд теңге), 2010 жылы  0,7% төмендеу (52,8 млрд теңгеге) болды.

 

- Несиелеудің осылайша қалпына келу қарқыны экономика мұқтаждығын қанағаттандыра ала ма?

 

- Қазақстан экономикасындағы несие өте төмен деңгейде қалып отыр және ол төмендеп келеді. Мысалы, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде экономикадағы несиелердің жалпы көлемінің 2010 жылы ішкі жалпы өнімге (ІЖӨ) қатынасы бар болғаны 38,3% болды. Осы көрсеткіш 2008 жылдың 1 қаңтарында 2007 жылдың ІЖӨ-не қатынасы 56,5%-ды құрады. Дамыған деген елдерде жалпы несие көлемі ІЖӨ-ден бірнеше есеге артық болады.

Бізде экономиканың дамуы банк активтеріне тікелей байланысты, себебі қаржы нарығының банкілік нұсқасы құрылған. Онда коммерциялық банктер экономиканың негізгі ресурстары болып табылады (қор нарығы нашар дамыған). Сондықтан тиімді несиелендіруді кеңейту мәселесі өзінің дұрыс реттелуін таба алмаған экономика үшін проблемалы болып қалып отыр.

 

- Бәлкім, екінші деңгейдегі банктер (ЕДБ) несиелік ресурс жеткіліксіздігін сезінетін шығар?

 

- Статмәліметтер бойынша тек жекелеген көздерді зерттеу көрсетіп отырғандай, банктерде ресурстардың өсуі байқалады. Мысалы, 2011 жылы 1 қыркүйекте депозиттік мекемелердегі жалпы депозит көлемі 8,56 трлн теңге болып, өсуі (мәліметтерді 2008 жылғы 1 қаңтардағымен салысытырғанда – ҚазТАГ) 2,2 есе болды. Ағымдағы жылы заңды және жеке тұлғалардың депозиттері 4,39 трлн теңге болып, өсуі 1,8 есе, сол датадағы халық салымдары – 2,6 трлн теңге, өсімі 1,8 есе, банктер тартқан ағымдық шоттар қыркүйек айында 9,66 трлн теңге болып, өсуі 1,4 есе болған.

 

- Мұндай жағдайдың себебі неде?

 

- «Бірнеше жүйе құрушы банктер» үлгісі, оның үстіне олар басқа да қаржылық құрылымдармен үлестес болып келген үлгісі, өзіне нарық тәуекелінің (шығындарының) үлкен көлемін  сіңіріп алатын жүйе болып шықты, екінші жағынан – оларды басқаруға қабілетсіз болып шықты және ол экономиканы несиелендіру қабілетінің жоғалуына соқтырды.

 

- Экономиканы несиелендіру қарқынының төмендігінің себептері тек осыларда ғана ма?

 

- Әрине, жоқ. Себебі - нашар несиелерден құрылған тромбаларда. Олар үшін көптеген жылдары ішкі және сыртқы қаржылық-экономикалық факторлармен «жағдай» жасалды.

Ол факторларға біріншіден, нарықтағы бар бәсекелестік теңсіздігі, корпоративтік басқарудың, менеджмент сапасының нашарлығы, банктердің басқа қаржылық институттармен үлестестігі, банктердің өздерінің жеткіліксіз капиталдануы, нарыққа қадағалау мен реттеу проблемалары жатады.  

Екіншіден, ішкі нарықтың тарлығы, олар үшін мұнай газ секторының жеткіліксіздігі. Үшіншіден, инфляцияның әлі де болса, жоғарылығы, ішкі ресурстардың тым қымбаттығы, пайыздық ставкалардың жоғарылығы: дәстүрлі түрде ішкі және әлемдік пайыздық ставкалардың айырмашылығы тым жоғары болып қалып отыр.

Төртіншіден, құрылымның әртараптанбағандығы және экономиканың қуат тасымалдаушылардың бағасына жүйелі түрде тәуелділігі. Бесіншіден, валюталық дағдарыс. Және, алтыншысы, халықтың төлем қабілеттілігінің төмендігі. Басқа да факторлар бар. Осы және басқа да теріс факторларды Ұлттық банк пен министрлер кабинеті шешулері тиіс.

 

- Сіздің пікіріңізше, ЕДБ-лердің экономиканы осыншама селқос несиелендіруі неге әкелуі мүмкін?

 

- Коммерциялық банктерде өтімділік көлемі жиналып қалып, бірақ несиелендіру жоқ болатын үрдіс пайыздық «қайшыларға», нашар несиелер бойынша резервтер қалыптастыру үшін кірістердің жеткіліксіздігіне, кірістің төмендеуіне (шығындардың артып, капиталдың жеткіліксіздігіне) соқтырады. Осыдан келіп несиелердің нақты сапасын (дұрыс топтамау, несиелерді қайта қаржыландыру), нашар активтер бойынша қажет резервтер көлемін жасыру және селқос несиелендіру келіп шығады. Бірақ комбанктердің нақты саулығы, түптеп келгенде, оның несие беру қабілетімен айқындалады.

 

- Онда несиелендіру мәселесін шешу жолдары қандай?

 

- Дағдарыстың бастапқы кезеңінде несие сапасын дұрыс тексеру онда тек қаржылық көмекпен түк бітпейтінін көрсетуі тиіс еді. Келесідей кешенді шаралар қажет еді: өтімділікпен уақытша қаржылық көмек көрсету, комбанктерді қайта капиталдандырудың басқа да нұсқаларын табу, нашар қарыздарға қатысты проблемаларды тек комбантерде ғана шешпей, нақты секторларда, «зомби»-компаниялар деп аталатындарда да шешіп, оларды қайта капиталдандыру сұлбасын табу. Бұл шаралар нарыққа шамадан тыс «ауыр» болып, экономикаға қажет несиелер қозғалатын тамарлардың «тазартылуына» және тек несиелендіру жағдайын ғана емес, іскерлік климаттағы жағдайды да жақсартуға әкелуі мүмкін еді.

Әрине, бұл шаралар ресурстар бойынша тым ауқымды және іске асырылуы қарапайым болмас еді, бірақ ол кешенді түрде пролема ауқымына өлшемдес және жақсы нәтиже бере алады.

 

-Экономиканы несиелеу бойынша қиын мәселелер алдағы уақытта шешімін таппаса, жағдай қалай өрбиді?

 

- Оқиғалардың ондай дамуы бұрыннан бар. Нашар несиелер «өздігінен ғайып болмайды». Комбанктер мен бизнес нашар кредиттерге «бай», бұл проблемалар оларды тұтқыннан қиналып, ұзақ уакыт бойы шығуына алып келді. Болуы мүмкін тағы бір дағдарыс жағдайды бұрыннан бетер қиындатады, сонда оның салдарымен күреске көбірек қаржы қажет болады.

 

-Ісләм Сапарғалиұлы, жүйе құраушы банктердің бәрін құтқару бағытында жүзеге асырылған шара банк нарығындағы жағдайды тезірек жақсартудың қадамы болды ма, қалай ойлайсыз?

 

- Кейбір банктердегі проблемалардың ауқымы «бәрін құтқару» бойынша қолға алынған шаралар активтер сапасының шынайы жағдайын, мемлекеттік шенеуніктердің араласуына аса сезімтал жеке капиталдың «қашу» мүмкіндігін (есепшоттардағы салымдардың, қаржыны қайтарып алу) зерттемей жасалғанын көрсетті. Осының салдарынан қалаған нәтиже жоқ, тек ие болған белгісіздік қана. «Бәрін құтқару» шарасы банк нарығын сауықтырып, бәсекеге қабілетті нарық құру мүмкіндігін белгісіз уақытқа кейінге шегеріп тастады.

 

- Мемлекеттің проблемалық банктермен «достығы» қаншаға созылуы мүмкін?

 

- Мемлекеттік көмек көрсетіліп, мемлекеттік депозиттермен, мемлекеттік компаниялардың есепшоттарымен қолдау көрсетілсе, проблемалық банк жылдар бойы «қалқып тұра алады». Бірақ бұл жағдайда мемлекеттің мәжбүрлі «мерзімсіз» көмегі нарықтағы жарысты өзгерту, «жүйелік емес» банктердің экономикалық дискриминациясы қаупін, жаңа және «ескі» несиелерден мемлекеттік қаржысын жоғалту мүмкіндігін арттырады. Және осының салдарынан мемлекеттің көмегін пайдаланудың тиімділігі мен банк нарығының дамуы төмендейді.

 

- Сіздің ойыңызша, еліміздің бір банкі жасағандай, ЕДБ-лардың мемлекетке қаржылық көмегін жедел түрде қайтарып беру мүмкіндігі бар ма?

 

- Алдағы жылдары ондайдың болуы екіталай. Олар үшін қазір бір саясат қана дұрыс - салық төлеушілер үшін тиімсіз және нарықтағы жағдайды одан бетер нашарлататын мемлекетпен бірге барынша көбірек уақыт болу деген саясат. Ал олардың халыққа несие беретіні туралы жарнамасы жағдайдан шығу үшін «құтқарушыға» жасаған өтінішіне ұқсайды, бұл қазіргі жағдайды анық көрсетеді.

 

- Комбанктердің орнықты дамуына жағдай жасау үшін ішкі және сыртқы теріс факторлардан кету үшін макродеңгейде не істеу керек? 

 

- Корпоративті басқарудың кемшіліктерін, менеджменттің сапасын ескерсек, комбанктердің қазіргі жағдайы нарықтың ішкі және сыртқы қауіптерінің көрінісі болып отыр. Банк нарығы ол қауіптерден тыс дами алмады. Ішкі нарықты кеңейту, ондағы тәуекелдерді төмендету (инфляцияны, несиелеу мөлшерлемелерін), халықтың төлем қабілеттілігін арттыру, нарықты сыртқы қауіптерден - мұнай, басқа шикізат бағаларының өзгеру салдарынан қорғау бойынша шаралар қажет.

Ондай шаралардың бірі экономиканы әртараптандыру, жаңғырту болып табылады. Бұл шикізат өндіруге барынша жақын секторларды - мұнай өңдеу, химия, қағаз және басқа өндірістерді қарқынды дамытып, өңдеу деңгейі жоғары салаларға ауысуды қарастыратын стратегия болуы мүмкін. Бұл әртараптандырудың басқа стратегиясы болуы мүмкін. Әлемдік тәжірибені мұқият зерттеп, жоғарыда аталған теріс факторларды жоятын өзіміз үшін тиімді жол салу керек. Осы және басқа шараларды қолға алмаса, болашақта нашар несиелерден кедергілердің түзілу ықтималдылығы өте жоғары болады.

 

- Сұхбатыңызға рахмет.


adimage