Астана.26 қыркүйек.ҚазТАГ- Дархан Қыдырәлі Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
"Мемлекет Басшысының Жарлығымен Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды", - делінген сейсенбі күні Ақордада.
Қыдырәлі 2016 жылдың шілдесінен бастап 2022 жылға дейін "Егемен Қазақстан" республикалық газеті" АҚ-ның Басқарма төрағасы қызметін атқарған.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Асқар Оразалыұлы Шәкіровтің өкілеттігі тоқтатылды", - деп хабарлады Ақорда.
Экс-министр Қыдырәлі Шакировтың орнына сенат депутаты болды
