Экс-премьер Сағынтаев жаңа басшылық қызметке сайланды

    Алматы. 12 тамыз. ҚазТАГ – Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Еуро-Азия ынтымақтастығы қаржы-іскерлік қауымдастығының бақылау кеңесін төрағасы болып сайланды, деп хабарлады Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) баспасөз қызметі.
  «Бақытжан Сағынтаев 10 тамызда Еуро-Азия ынтымақтастығы Қаржы-іскерлік қауымдастығының кезектен тыс жалпы жиналысының шешімі бойынша қауымдастықтың Бақылау кеңесінің төрағасы болып сайланды»- делінген хабарламада.
   Сағынтаев 2022 жылдың мамыр айынан бастап ЕЭК Алқасының мүшесі болып тағайындалған болатын, оған дейін 2019 жылдың маусымынан 2022 жылдың қаңтарына дейін Алматы қаласының әкімі болды, одан бұрын, 2019 жылдың наурыз айынан маусым айына дейін президент әкімшілігін басқарды, сол кезден бастап наурыз айында     Сағынтаев үш аптадан сәл астам уақыт мемлекеттік хатшысы болды, одан бұрын, 2016 жылдың қыркүйегінен 2019 жылдың ақпанына дейін Қазақстанның премьер-министрі қызметін атқарды.

adimage