Экзит-пол мәліметтері: Лукашенко шамамен 80% жинады; Минскіде және де басқа қалаларда қарсылықтар өтуде

Күні: 13:16, 10-08-2020.

Алматы. 10 тамыз. ҚазТАГ – Экзит-пол ақпарынша, Беларусиядағы президент сайлауында Александр Лукашенко шамамен 80% дауыс жинады, Минскі мен басқа да қалаларда жаппай қарсылықтар өтуде, деп хабарлады шетелдік БАҚ.
«Президент сайлауда жеңіледі деген сөздерге қарамастан, экзит-полдың ресми мәліметіне сәйкес, ол (Лукашенко- ҚазТАГ) 82% дауыс жинады, (президенттікке үміткер Светлана – ҚазТАГ) Тихановская – 7%», - деп жазады британдық Express басылымы.
Бұл ретте атап өтілгендей, Минскіде сайлау нәтижесімен келіспеушілік фонында жаппай қарсылық акциялары басталып, арты полициямен қақтығысқа ұласты. Шамамен 2 мыңға жуық адам ұсталды.
Өз кезегінде ВВС дауыстарды баламалы санау үшін құрылған «Голос» платформасының ақпарынша, қолданушылардың 80%-ы Тихановскаяға дауыс бергенін айтады.
Басылым ақпарынша, бірнеше мың халықтың қарсылықтары тек Минскіде ғана емес, Беларусияның басқа да қалаларында өтіп жатса керек. Полиция қарсылық білдірушілерге қарсы жарықтық-дыбыстық гранаталар мен резеңке пулдарды қолдануда.
Бұл ретте, МБК белорустік жаңалықтар сайтының ақпарынша, Лукашенконың ұшағы бүгін ертеңгісін елден ұшып шыққан.


Жаңалықтармен бөлісу: