«Бюджеттiк бағдарламаның шығыстары, толық («Мәдениеттегі және өнердегі дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу», мың теңге – ҚазТАГ): 2023 жыл - 2 537 963; 2024 жыл - 3 479 920; 2025 жыл - 3 785 678; 2026 жыл - 3 722 677; 2027 жыл - 3 421 233», - деп мәдениет және ақпарат министрлігінің бюджет жобасында айтылған.
Жалпы сома – Т16 947 471 000.
Бюджеттік бағдарламаның сипаттамасына сәйкес, шығыстар дарынды балаларға арналған білім беру саласындағы мемлекеттік мекемелерді күтіп-ұстауға арналған.
Мақсаты – мәдениет және өнер саласында үздіксіз оқу процессін қамтамасыз ету және балаларды оқыту болып табылады.
«Міндеттер: мәдениет және өнер саласындағы бағыттар бойынша жоғары және кәсіптік-техникалық оқу орындарына оқуға түскен республикалық мамандандырылған музыка мектеп-интернаты түлектерінің үлесі 2024 жылы – 93,7%, 2025 жылы – 93,8%, 2026 жылы – 93,9%. Мәдениет және өнер саласында жалпы орта білім алушылар санынан республикалық және халықаралық конкурстар мен фестивалдар жеңімпаздарының үлесі 2024 жылы 10,6% дейін, 2025 жылы 10,7% дейін, 2026 жылы 10,8% дейін», - деп жобада жазылған.
Фото көзі: gov.kz