«Бюджеттiк бағдарламаның шығыстары, толық («Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және мұрағат ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру», мың теңге – ҚазТАГ): 2023 жыл - 70 548 477; 2024 жыл - 55 343 054; 2025 жыл - 52 898 769; 2026 жыл - 53 561 097; 2027 жыл - 52 750 550», - деп мәдениет және ақпарат министрлігінің бюджет жобасында айтылған.
Жалпы сома – Т285 101 947 000.
Мақсаты – мәдениет саласының нық дамуына қолайлы жағдай жасау.
«Міндеттер: - халықтың мәдениет саласындағы көрсетілетін қызметтердің сапасына қанағаттану деңгейі 2024 жылы - 75%, 2025 жылы - 76%, 2026 жылы - 77%;
- музейлер мен тарихи-мәдени мұра объектілеріне бару санын ұлғайту 2024 жылы - 5%, 2025 жылы - 8%, 2026 жылы - 11%;
- отандық авторлардың театрлық қойылымдарының санын ұлғайту 2024 жылы - 307 бірілік, 2025 жылы - 369 бірлік; 2026 жылы - 431 бірлік;
- кітапханаларға бару санын арттыру 2024 жылы - 5%, 2025 жылы - 8%, 2026 жылы - 11%;
- ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени мұра объектілерінің санын ұлғайту 2024 жылы - 10 бірілік, 2025 жылы - 16 бірлік, 2026 жылы - 16 бірлік;
- ғылыми реставрациялау жұмыстары жүргізілген республикалық маңызды тарих және мәдениет ескерткіштерінің үлесін ұлғайту 2024 жылы - 20%, 2025 жылы - 24%, 2026 жылы - 28%;
- қазақстандық кинопрокаттың жалпы көлемінен отандық фильмдердің үлесі 2024 жылы - 21%, 2025 жылы - 25%, 2026 жылы - 28%;
- елдегі кинопрокаттың жалпы көлемінен қазақ тіліндегі фильмдердің үлесі 2024 жылы -18%, 2025 жылы - 20%, 2026 жылы - 22%;
- ҚР мемлекеттік архивтерінде сақталатын архив құжаттарының көлемі 2024 жылы - 27 200 мың сақтау бірл., 2025 жылы - 27 600 мың сақтау бірл., 2026 жылы - 28 000 мың сақтау бірл.;
- цифрлық форматқа көшірілген республикалық кітапханалардың Қазақстандық мазмұндағы кітапханалық қорының үлесі 2024 жылы - 44%, 2025 жылы - 45%, 2026 жылы - 46%», - деп жобада міндеттелген.
Фото көзі: pixabay.com