Елімізде тасымалдарды қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы айқындалды

Астана. 13 қыркүйек. ҚазТАГ – Елімізде тасымалдарды қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы айқындалды, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

«Ғарыштық техника және технологиялар институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тасымалдарды қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы болып айқындалсын», - деп үкіметтің қаулысында айтылған.

Сонымен қатар қаулыда «Халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторын айқындау туралы» үкіметтің 2023 жылғы 12 қаңтардағы №17 қаулысының күші жойылғаны жазылған.

Қаулы 2024 жылғы 23 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.

Фото көзі: Ашық дереккөз


adimage