Елімізде тауарларды таңбалауға қатысты жаңа әдістеме бекітпек

Астана. 13 мамыр. ҚазТАГ – Елімізде тауарларды таңбалауға қатысты жаңа әдістеме бекітпек, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

Сауда және интеграция министрлігінің мәлімдеуінше, жоба «Мемлекеттік статистика туралы» заңның 16-бабы 3-тармағының 2-1) тармақшасына және үкіметтің 2019 жылғы 10 шілдедегі №497 қаулысымен бекітілген сауда және интеграция министрлігінің ережесінің 15-тармағының 60) тармақшасына сәйкес әзірленді.

«Тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалауды және қадағалауды енгізу тиімділігінің көрсеткішін есептеу әдістемесін бекіту», - деп жобаның негізгі ережелерінің сипаттамасында айтылған.

Мақсаты - таңбалауды енгізу тиімділігінің көрсеткіштерін және таңбалау енгізілгенге дейінгі кезеңмен салыстырғанда тауарлардың қадағалануын есептеу болып табылады.

Жоба авторларының айтуынша, жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды. Жоба ережесінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әсері жоқ.

Фото көзі: idsmart.kz


adimage