Еліміздің барлық өңірінен 70-ке жуық оқушы Ақордада экскурсияда болды

Астана. 1 маусым. ҚазТАГ – Еліміздің барлық өңірінен 70-ке жуық оқушы Ақордада экскурсияда болды, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Халықаралық балаларды қорғау күніне орай еліміздің барлық өңірінен келген 70-ке жуық оқушыға «Ақорда» резиденциясында экскурсия ұйымдастырылды. Олардың арасында халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары, оқу үздіктері бар», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Аталған шара аясында оқушылар резиденцияның бірінші қабатындағы Орталық салтанатты холл мен ресми қабылдаулар өткізуге арналған «Салтанат» залын, түрлі жиындар өтетін «Шығыс», «Мрамор», «Алтын» «Доғал» және басқа да келіссөздер залдарын тамашалады, сондай-ақ кітапхананы аралап көрді.
«Бұдан бөлек, оқушылар еліміздің бас ғимараты туралы қызықты деректермен танысты», - делінген хабарда.

adimage