Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мәлімдеуінше, жоба Қазақстан Республикасының «Байланыс туралы» заңының 20-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді.
«Жеке және заңды тұлғаларға Бірыңғай байланыс орталығы қызметтерінің сапасы мен қолжетімділігі қағидатын іске асыру мақсатында 88000807777 қосымша нөмірі енгізіледі. Байланыс қызметтерін пайдаланушылар үшін қоңырау шалу тегін болып табылатын шұғыл медициналық, құқық қорғау, өртке қарсы, авариялық және өзге де қызметтердің тізбесіне өзгеріс енгізу», - деп жобаның негізгі ережелерінің сипаттамасында айтылған.
Мақсаты - байланыс қызметтерін пайдаланушылар үшін қоңырау шалу тегін болып табылатын шұғыл медициналық, құқық қорғау, өртке қарсы, авариялық және өзге де қызметтердің тізбесіне 88000807777 нөмірін қосу болып табылады.
Жоба авторларының түсіндіруінше, жобаны қабылдаған жағдайда, қосымша нөмір Бірыңғай байланыс орталығының қызметтерін жеке және заңды тұлғаларға әртүрлі байланыс арналары арқылы ұсынудың қолжетімділігі мен таңдау қағидатын іске асыруға мүмкіндік береді.
Фото көзі: pixabay.com