Елорда тұрғындарының 40% -ның медициналық қызмет сапасына көңілдері толмайды – Тоқаев

Астана. 8 қазан. ҚазТАГ – Махамбет Абжан. Елорда тұрғындарының 40% -ның медициналық қызмет сапасына көңілдері толмайды, деп мәлімдеді ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
«Сауалнамалар көрсетіп отырғандай, елорда тұрғындарының шамамен 40%-ның медициналық қызмет сапасына көңілдері толмайды. Дәрігерлердің жетіспеушілігі байқалуда. Қалаға түрлі саладағы 500 мыңдай маман қажет», - деп мәлімдеді Тоқаев сейсенбі күні елорданың ары қарай дамуына арналған жиында.
Оның айтуынша, 2018 жылы елордада ана және бала өлімі көрсеткіштері артқан.
«Ана өліміне келсек- босанған 1 мың ананың сегізі көз жұмса, бала өліміне келсек, 1 мың туылған сәбидің алтауы шетінеп кеткен. Яғни бұл жоғары көрсеткіш. Бұл көрсеткіштің артуы биыл да байқалуда», - деді президент.

adimage