Астана. 7 қараша. ҚазТАГ – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша өткен бірлескен брифингіге қатысты, деп хабарлады ҚР президентінің баспасөз қызметі.
«Бішкекте – Абайдың, біздің елордамызда Манастың ескерткішін орнату жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру мәселелері аяқталуға таяды. Шоқан Уәлиханов пен Шыңғыс Айтматовтың есімдерін Бішкек пен Астана көшелеріне беру арқылы ұлықтау жұмыстары жүргізілуде», – деген Н. Назарбаевтың сөздерін келтіреді Ақорда сайты жұмада.
Одан бөлек, мемлекет басшылары Астананың бірқатар көрікті жерлерін аралады. Сөйтіп, Н. Назарбаев пен А. Атамбаев Қазақстанның Ұлттық музейінде болды, сондай-ақ мәртебелі қонаққа Астана қаласының даму тарихы таныстырылды.
Еске сала кетейік, А. Атамбаев Қазақстанда мемсапармен жүр.
Қатысты сілтемелер
-
Алматыда тау арасында жоғалып кеткен алматылық тик-токер табылды8 Маусым 2023, 19:33
-
Павлодарда алаяққа сенген зейнеткер 30 мың долларынан айырылды8 Маусым 2023, 19:27
-
Мемлекет басшысы ЕҚДБ президентімен кездесу өткізді8 Маусым 2023, 19:23
-
Тоқаев Көлгіновті премьер-министрдің орынбасары қызметінен босатты8 Маусым 2023, 10:22
-
Бейсенбі күні Қазақстанның басым өңірінде тұрақсыз ауа райы күтіледі8 Маусым 2023, 10:03