Елордадағы жәрмеңкеде Қызылорда облысы ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілердің өнім бағасы базардағыдан 15-20%-ға төмен болады

Алматы. 11 қыркүйек. ҚазТАГ – Елордадағы 12-13 қыркүйек күндері өтетін жәрмеңкеде Қызылорда облысының ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілер базардағыдан бағасы 15-20%-ға төмен өнімді ұсынады, деп хабарлады Қызылорда облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі.
«Сонымен қатар, қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы шеңберінде «Думан» ойын-сауық орталығы алдында Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізіледі», - деп көрсетілген обләкімдік баспасөз қызметінің ақпарында.
Сыр елінен жәрмеңкеге жалпы соммасы 71709, 9 мың теңгені құрайтын 424, 19 тонна өнім әкелінді.
«Жәрмеңкеде аймақтың брендіне айналған Сыр маржанынан бастап жеміс-жидек, көкөніс, ет, сүт және тағы да басқа 37 түрлі өнім нарықтық бағадан 15-20 пайызға төмен сатылады», - деп атап көрсетіледі мәтінде.

adimage