Елордада жұмыспен қамту бағдарламалары аясында жастардың 4,5 мыңға жуығы жұмыспен қамтылды

Күні: 16:06, 31-10-2014.

Астана. 31 қазан. ҚазТАГ – Елордада жұмыспен қамту бағдарламалары аясында жастардың 4,5 мыңға жуығы жұмыспен қамтылды, деп хабарлады елорда әкімдігінің баспасөз қызметінен.  

«Елордада жұмыспен қамту бағдарламалары аясында жастардың 4,5 мыңға жуығы жұмыспен қамтылды», - делінген жұма күні әкімдік сайтындағы хабарда.  

Сонымен, Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының мәліметінше, үстіміздегі жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Жұмыспен қамту орталығына өтініш берген 29 жасқа дейінгі 4 944 адамның 2 692-сі жұмысқа орналастырылды.  Жастардың «Жұмыспен қамту жол картасы- 2020» бағдарламасына қатысуына тоқталсақ, 2014 жылдың тоғыз айында 1880 адамнан өтініш келіп түскен, олар жұмыс орындарына жіберілген.

«Ал елорданың теміржол және автовокзалдарында ашылған мобильдік орталықтармен осы күнге дейін 1 871 түйіндеме қабылданып, 80 адам жұмыспен қамтылды», - деп толықтырды басқармада.  

Бұдан басқа, жұмысқа орналаса алмай жүргендер «Астана жастары» жастар ресурстық орталығына жүгіне алады.

Әкімдікте  Астана мен еліміздің өзге өңірлерінде жұмысқа орналасу мәселелерінде жастарға қолдау көрсету мақсатында «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылады, сонымен қатар Жұмыспен қамту орталықтары мен мобильдік жұмысқа орналастыру орталықтары да жұмыс істейтінін еске салды.


Жаңалықтармен бөлісу: