Астана. 24 сәуір. ҚазТАГ – Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары болып Ерлан Каналимов тағайындалды, деп хабарлады елорда әкімінің ресми интернет-ресурсынан.
«Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің өкімімен елорда әкімінің орынбасары қызметіне Ерлан Каналимов тағайындалды. Әкім орынбасары әлеуметтік қорғау, ішкі және жастар саясаты, ақпарат, мәдениет, денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт мәселелеріне жауапты болады», - делінген сәрснбідегі хабарда.
Каналимов 2018 жылдың 20 наурызынан бүгінге дейін Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр ауданының әкімі қызметін атқарды. 2015-2018 жылдар аралығында Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы болып жұмыс істеді. 2013-2015 жылдар аралығында – «Зорлық-зомбылық немесе зорлық-зомбылық қаупі салдарынан қиын жағдайға тап болған адамдарға арналған дағдарыс орталығы-баспанасы» КММ директоры болған.
Қатысты сілтемелер
-
Ақтөбе облысында пойыз вагондары рельстен шығып кетті27 Наурыз 2024, 16:34
-
Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилерді іріктеу жұмыстары аяқталды27 Наурыз 2024, 16:04
-
Ақтөбе әуежайы еріген су тасқынына байланысты жабылды27 Наурыз 2024, 14:51